Пікір • 02 Қыркүйек, 2020

Жергілікті өзін өзі басқару ісі өзекті

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Парламент палаталарының біріккен отырысына Президент қатысып, халыққа Жолдауын арнады. Осы орайда мен үш мәселеге тоқталғым келіп тұр. Біріншісі, білім саласы. Әсіресе үздіксіз білім беруге ерекше мән берілді.

Жергілікті өзін өзі басқару ісі өзекті

Президент қазіргі қалыптасқан онлайн білім беру жүйесіне қатыс­ты өзінің сыни пікірін айтты. Біз елді аралағанда бұл мәселені көтер­­генбіз. Қазір біз қалыптасқан дә­стүр­лі білім беруді жалғастыру мәсе­ле­­сін қарауымыз керек. Менің ойымша, ата-аналардың келісі­мімен балаларды дәстүрлі білім беруге көшіруге мүмкіндік бар деп есептеймін.

Екінші мәселе, жергілікті өзін-өзі басқару. Бұл бағыттағы заң біз­де бар, бірақ формалды түрде қол­данылып келген. Президент осы мә­селеге айрықша назар аударып, ауыл әкімдерін халықтың пікіріне сү­­йе­не отырып сайлау мәселесін ал­­дағы жылы енгізу қажет екенін айтты.

Жолдауда ұлттық құндылықтар мә­­се­лесі де көтерілді. Мемлекет бас­шы­сы адал, білімді, кәсіпке бейім ұр­­п­ақ тәрбиелеу ісіне араласуды бар­лық қоғамдық институттарға жүктеді.

Парламент өз тарапынан Прези­денттің тапсырмаларының заңдық тұрғыда тұжырымдалуын жан-жақ­ты қарайтын болады.

 

Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ,

Сенат депутаты