Пікір • 02 Қыркүйек, 2020

Ауыл экономикасын ілгерілету міндеті тұр

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біз Президенттің Жолдауын экономикалық тоқырауды жеңудің ұлттық іс-қимыл жоспары ретінде қабылдауымыз керек.

Ауыл экономикасын ілгерілету міндеті тұр

Мемлекет басшысы даму­дың негізгі бағдарын айқын­дады, бірақ бізде басшылық­тың тапсырмалары нашар немесе уақытынан тыс орындалатын жағдайлар көптеп кездеседі. Сондықтан қазір бізге атқарушы органдарда темірдей тәртіп керек. Осы­ған байланысты Мемлекет бас­шы­сы билік вертикалы қалай өз­геретінін анықтап берді. Шын мәнінде, министрлерге мәртебеден бөлек жұмыс істеу мүмкіндіктерін беру­ден бастап, көп нәрсе жаңа­рады, сонымен бірге олар­дың жауапкершілігі де арта­ды. Екінші жағынан, біз бү­гін жергілікті өзін өзі бас­қа­ру жобалары нығайып жатқа­нын естідік. Яғни біз ауыл әкімдерін сайлауға біртіндеп көшеміз. Бұл – өте маңызды және біздің еліміздің саяси жү­йесіндегі үлкен өзгерістердің басталуын білдіреді.

Аграрлық секторға келетін болсақ, мен бүгін Мемлекет бас­шысының жеке қосалқы шаруа­шылықтарды дамытуға, олар­дың ынтымақтастығына на­зар аударғанына қуанып отыр­мын. Бізде жеке қосалқы мал­дың 70%-ы бар. Бұл дайын био­логиялық актив, біз оны тек пай­да­лануымыз керек. Біз­дің ел жайылымдық көлемі бо­йын­ша әлемде 5-ші орында тұр. 188 миллион гектар жа­йы­­лым­дық және шабындық жер­лер бар. Бірақ біз ауылдық елді ме­кендерді жайылыммен то­­лық­тай қамтамасыз ете алмай отырмыз. Шындығында, біз о­ларды аштық диетасында ұс­­­тай­­мыз. Сондықтан егер біз бұл мә­се­лені шешетін болсақ, он­да елімізде бір­ден ет пен сүт өн­ді­рісі кем дегенде 30% өсетін болады.

 

Ақылбек КҮРІШБАЕВ,

Сенат депутаты