Спорт • 02 Қыркүйек, 2020

Түркиядағы "Формула-1-ді" трибунада 100 мың көрермен тамашалай алады

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркия Гран-приінің ұйымдастырушылары Ыстамбұлдағы жарысқа көрермендер кіре алатынын мәлімдеді. Бұл туралы Хабар 24-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Түркиядағы "Формула-1-ді" трибунада 100 мың көрермен тамашалай алады

Жарыс промоутерлерінің айтуынша, 100 мың билет сатылымға шығарылады. Билеттің бастапқы бағасы – 3,4 еуро.

"Біз бәріне дайынбыз. Егер коронавирустық жағдай ушығып кетсе, біз жарысты көрерменсіз өткізе аламыз. Стендтер мен ашық алаңдардың жалпы сыйымдылығы 220 мың адамды құрайтынын білеміз. Қауіпсіздік талаптарына байланысты кейбір салаларды жабу керек болса, 100 мың адам әлі де жарысқа қатыса алады. Бұл жағдайда әлеуметтік арақашықтық ережелерін сақтау мүмкін болады. Әдетте, "Формула-1" өз стандарттары мен баға саясатына ие. Бірақ біз қаржылық пайда табуға тырысып отырған жоқпыз. Бізге үкімет демеушілік көрсетеді. Билеттер бағасы күніне 30 лирадан тұрады (3,4 еуро). Билеттер келесі аптада сатыла бастайды. Тез арада сатылып кетеді деп күтеміз", деді түрік Гран-приінің ұйымдастыру комитетінің басшысы Вурала Ака Motorsport Week-ке берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетейік, осы маусымда өткен барлық "Формула-1" Гран-приі көрерменсіз өтіп, маусым 5 шілдеде Австрияда басталды. 2020 маусымда барлығы 17 жарыс өтеді деп күтілуде, оның жетеуі өтті. 27 қыркүйекте өтетін Ресей Гран-приі көрермендердің қатысуымен өтеді.