Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2020

Атырауда шетел азаматынан 500 мың теңге бопсалағандар ұсталды

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 24 тамызда Өзбекстан Республикасының азаматына күш қолданып, одан 500 мың теңге бопсалаған екеудің ұсталғанын мәлім етті.

Атырауда шетел азаматынан 500 мың теңге бопсалағандар ұсталды

«Шетел азаматы күш көрсетушілердің қолынан босап шыққан бойда полиция қызметкерлеріне арызданған. Полицейлер ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесе жүргізген жедел-іздестіру шарасы кезінде Атырау қаласының 37 және Жылыой ауданының 41 жастағы тұрғынын ұстады. Екеуі де деструктивті діни ағымды ұстанушылар екені арықталды. Күдіктілерден айғақ зат ретінде Өзбекстанның 44 жастағы азаматынан бопсалап алған ақша тәркіленді. Ұсталғандардың бірі – бұрын бірнеше рет сотталған Жылыой ауданының тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал екінші күдікті үй қамаққа алынды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Шетелдіктен ақша бопсалаған екі күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің «бопсалау» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.