Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2020

Атырауда модульді аурухананың құрылысы басталды

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Асхан Байдувалиевтің айтуына қарағанда, модульді аурухананың құрылысы тамыз айында басталыпты. Медициналық блокта әкімшілік, зертхана, КТ, рентген аппараттары, бронхоскопикалық құрал-жабдықтар, УЗИ, электрокардиографтар орналастырылады.

Атырауда модульді аурухананың құрылысы басталды

«Жұқпалы аурулар ауруханасында жұмыс істеуге жергілікті медицина қызметкерлері қайта оқыту арқылы тартылады. Бұл 200 орынға есептелген. Жаңа нысанның құрылысын  «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» компаниясының тапсырысымен «BI Industrial» компаниясы жүргізіп жатыр. Аурухана ғимараты жылдам құрастырылатын модульді блоктардан тұрғызылуда. Медицина қызметкерлері мен ем алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заманауи диагностикалық және науқастарды емдеуге арналған құралдармен жабдықталады. Медициналық нысанда екі орындық 56 палата, үш орындық 16 палата, бір орындық 6 және екі орынды 7 бокстар аулаға шығатын арнайы есігімен салынуда. Сондай-ақ, қарқынды терапия бөлімінде 20 керует, ал қабылдау-диагностикалық бөлімінде бес бокс жасақталады» -деді Асхан Байдувалиев.