Экология • 02 Қыркүйек, 2020

Қазгеология Жамбыл облысындағы Тақыр учаскесінде полиметалдарды іздеуде

388 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

"Қазгеология" АҚ-тың "Оңтүстікгеология" өңірлік филиалы Батыс Балқаш өңіріндегі Тақыр кен өрісінде (Жамбыл облысы) көлемі 285,0 км2 алаңында полиметалдар іздеу жұмыстарын бастады. Іздеу жұмыстарының зерттелетін аумағы әкімшілік жағынан Жамбыл облысының Мойынқұм ауданының құрамына кіреді. Бұл туралы Экология министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Қазгеология Жамбыл облысындағы Тақыр учаскесінде полиметалдарды іздеуде

Ауданның геологиялық құрамында кейінгі кембрий-палеозой қатпарлы кешеніндегі тұнбалы жамылғылы неоген кешенінде болмашы орнласқан немесе төртінші қаптамада орналаспаған тектоникалық кешендерде (тау етегіндегі қазіргі заманғы тектоникалық иіндер) бар.  Соңғысында кембрийге дейінгі, кембрий-төменгі ордовик, девон және фамен-төменгі карбон құрылымдық қабаттары ажыратылады. Оның полиметалдар, мыс, алтын және уранға перспективасы бар.

Тақыр кен өрісі солтүстік батыс бағытта созылып, 15x6 км алаңды қамтыған. Көлемі 6,5x0,7 км кен орны кен өрсінің ортасында орналасқан. Кен өрісінің учаскесі каледон және герцин сияқты 2 құрылымдық қабаттан құралған. Каледон құрылымдық қабаты шағын кварциттердің линзалары мен жиектерінде елеулі құмдауыт сланец құрамын құрайтын кембрий мен ордовик құралымдарынан (бурылтас бурыл байтал қапталымы) тұрады.

Бурылтас қапталымының жоғарғы бөліктегі қиығында полиметалдар кенденген кен орындарының кен тәндері орналасқан. Олар оларға тектес сыйыстырушы жыныстарға тоқайласқан стратиформалық үлгідегі құралымдар ретінде қаралады.

Герцин құрылымдық қабаты каледон антиклиналінің эродталған түптамырында орналасқан Карабинская мульдасының төменгі карбон құралымдарынан көрінеді.

Дала жұмыстарын жүргізу барысында 50 қ.км рекогносцировкалық маршруттар салынып, одан соң 100 қ. км іздеу маршруттары тікелей жүргізілді. Барлық маршруттық іздеулер геофизикалық және геохимиялық материалдар шифрлары ашылып, геологиялық жағынан қайта интерпретация жасалған материалдар барынша пайдаланылып жүргізілді.