Білім • 02 Қыркүйек, 2020

Павлодарлық мектептерде алғашқы сабақтар қалай өтіп жатыр?

367 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Павлодар қаласының №29 мектебінде 67 кезекші сынып ашылды. Бұл туралы Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Павлодарлық мектептерде алғашқы сабақтар қалай өтіп жатыр?

№29 жалпы орта білім беру мектебі – Павлодардағы ең ірі мектептердің бірі. Бастауыш блокта бірінші сыныптан төртінші сыныпқа дейін 1100 бала білім алады. Кезекші сыныптарда оқушылардың 80 пайызы оқуға ниет білдірген. Бұл – шамамен 800 бала. 67 кезекші сынып ашылған. Олардың жетеуі − қазақ тілінде.

− Бүгін мен қызымды сабаққа алып келдім. Өйткені ол қашықтықтан емес, дәстүрлі форматта оқуға өзі ниет білдірді. Бала жарты жыл үйде отырды, енді сабаққа барғысы келеді. Сондай-ақ, сыныптастарымен күнде жүздесіп, мұғалімдерінен тікелей білім алғысы келеді. Мен оның бұл шешімін бірден қолдадым. Барлық санитарлық номаларды сақтап, қызымызда маска мен антисептиктің болуын өзім қадағалап отырамын, − дейді Владислав Еленич.

Барлық кезекші сыныптар әртүрлі уақытта мектепке келеді. Сондай-ақ мектепте үш кіру аймағы ашылған. №29 мектептің директоры Владислав Еленичтің айтуынша, үзілістерде сынып өңделеді және желдетіледі. Санитарлық нормаларға сәйкес кварц таңертең және түскі уақытта қосылады.

1

– Оқушыларымыздың ата-аналары осы оқу жылына үлкен түсіністікпен қарағанын атап өткен жөн. Маскалар мен антисептиктер бойынша ешқандай мәселе туындаған жоқ. Бірақ ата-аналар балаларын қашықтықтан оқытуға ауыстыра алатынын ұпытпаған жөн. Егер баланың денсаулығы, созылмалы аурулары, иммунитеті әлсіреген болса, бұл баланы кезекші сыныпта оқыту кезінде қосымша қауіп болуы мүмкін, – деді Владислав Еленич.

№29 жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ақжайық Балажанова ұстаздарға қойылатын талаптар да, міндеттер де көбейгенін айтады. Бірақ, мұғалімдер қауымының балалардың мектепке өте жақсы көңіл күймен келгені және ата-аналардың да көзқарасы мен көңіл күйлері жақсы болғаны барлығына позитивті тұрғыдан қарауға көмектесетінін атап өтті. Сонымен қатар, мұғалімі Ақжайық Балажанова "Көш жүре түзеледі" демекші, алдағы уақытта да осы бағыттан таймай, барлық нормаларды сақтап, балаларға сапалы білім беруге тырысатынын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, кезекші сыныптар 1-4-сынып оқушылары үшін ашылды. Өңірдегі 112 мың оқушының 28 мыңнан астамы дәстүрлі білім алуда.