30 Қазан, 2013

Көшбасшы туралы көркем ойлар

1320 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Мемлекет тарихы институтында «Тұңғыш Президент және оның Қазақстан мемлекеттілігін қалыптас­ты­рудағы рөлі» деген тақырыпта ашық сұхбат алаңы болып, онда осы мекеменің қызметкерлерімен қатар, белгілі саясаттанушы, тарихшы ғалымдар мен дипломаттар өздерінің ойларын ортаға салды. Бұл шара ІІ халықаралық тарихшылар конгресі қарсаңында болғандықтан, оған шақырылған бірқатар шетелдік ғалымдар да сұхбатқа қатысты. Мамандар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы мен еліне сіңірген еңбегі және мемлекеттілікті қалыптасты­­­­руда жасаған ұлан-ғайыр жұмысына шолу жасап, оған тарихи тұрғыдан баға беруге ұмтылды.

Әсіресе, Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясының мақсаттары мен міндет­­терінің ма­ңыздылығы туралы кеңінен әңгіме қозғалды. Әлемдегі барынша дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылу кеше ғана тоталитарлық сая­си жүйе­мен құрсауланған, бәрін де жергі­лікті жағдайлармен есептеспей өзіне лайық­тысын ғана атқаруға рұқсат беріп, кесіп-пішіп отыратын билеуші орталық­тың басқаруында болған, өз еркі өзіне тимей келген қоғам үшін мүлде оңай шаруа емес.

Мемлекет тарихы институтында «Тұңғыш Президент және оның Қазақстан мемлекеттілігін қалыптас­ты­рудағы рөлі» деген тақырыпта ашық сұхбат алаңы болып, онда осы мекеменің қызметкерлерімен қатар, белгілі саясаттанушы, тарихшы ғалымдар мен дипломаттар өздерінің ойларын ортаға салды. Бұл шара ІІ халықаралық тарихшылар конгресі қарсаңында болғандықтан, оған шақырылған бірқатар шетелдік ғалымдар да сұхбатқа қатысты. Мамандар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы мен еліне сіңірген еңбегі және мемлекеттілікті қалыптасты­­­­руда жасаған ұлан-ғайыр жұмысына шолу жасап, оған тарихи тұрғыдан баға беруге ұмтылды.

Әсіресе, Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясының мақсаттары мен міндет­­терінің ма­ңыздылығы туралы кеңінен әңгіме қозғалды. Әлемдегі барынша дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылу кеше ғана тоталитарлық сая­си жүйе­мен құрсауланған, бәрін де жергі­лікті жағдайлармен есептеспей өзіне лайық­тысын ғана атқаруға рұқсат беріп, кесіп-пішіп отыратын билеуші орталық­тың басқаруында болған, өз еркі өзіне тимей келген қоғам үшін мүлде оңай шаруа емес. Тіпті мұндай биікке қол жеткізудің мүмкіндігіне шүбә келтірушілер де көп. Алайда, Елбасы 2030 жылға дейін бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына ену межесін алға қойғанда да сенетін жандар аз болған. Бірақ бұл меже мерзімінен бұрын орын­далып, Қазақстан қазірдің өзінде барынша да­мыған 50 мемлекеттің қатарына кіріп отыр. Осы істерді бастап қана қой­май, аяғына дейін жет­кізіп келе жатқан Тұңғыш Президентіміз Н.Н­а­зарбаевтың орасан зор еңбегі және оның мемлекеттік-саяси қызметін тарихи тұрғыдан зер­делеу өзекті мәселе болып табылады. «Ашық сұх­бат алаңында» айтылуға тиісті ойлар мен пі­кірлер осы мәселенің төңірегінде болмағын жи­ынға төрағалық етуші Мемлекет тарихы инс­титутының директоры, тарих ғылымдарының док­­­­­торы, профессор Бүркітбай Аяған белгілеп берді.

Сұхбатқа Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры, саяси ғылымдар докторы Төлеутай Сүлейменов, ресейлік профессор, филология ғылымдарының докторы Насипхан Суюнова, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты бас директорының орынбасары Тұрсынкүл Құсайынова, Қазақ гуманитарлық заң университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Нұрлан Мухлисов және т.б. қатысты. Өзінің алғысөзінде Бүркітбай Ғелманұлы ғасырлар бойы азаттық қозғалысының қазақ даласында өшпегенін, осы жолда төгілген қан мен тердің тіпті есепсіз болғанын айтып өтті. Алайда, қазақ даласы шынайы азаттыққа қол жеткізе алмады, сол себепті біреудің сырттан таңған шекті межесінен де шыға алмады. Тіпті осы шекке сыймаған өзінің арыс ұлдары мен қыздарының атын атаудан да тыйылып, олардың есімдері мен істерінен теріс айналуға дейін барды. Тек екі ғасыр ауысарда, мыңжылдық айналып, тарих еншісіне кетер тұста ғана қазақ халқы өзінің аңсаған арманына қол жеткізді. Еркіндіксүйгіш егемен елдің бағына Мемлекет басшысы болып Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай дара тұлға келді. Ол Қазақстанды бейбітсүйгіш, өзара төзімді, демократиялық үдерістерді жақтайтын біртұтас халқы бар, тұрақты, болжалды мемлекетке айналдыра алды. Отанымыз бүгінде өз қатарластарынан оза шауып, Еуразия барысына айналудың нышандарын танытып жатқанын мақтан етеміз. Арайлы Астана ерке Есілдің жа­ғасына бой көтергенде шартарап Қазақ­стан деген елдің, қазақ деген ұлттың бар­лығына көздерін жеткізіп, онымен тең дәрежеде санасатын болды. Әлемдегі бар­лық өрке­ниетті елдердің қатарына тең дәре­жеде ене білген еліміз, әлемдік алпауыт­тар да мойындауға мәжбүр болғандай, халық­аралық игілікті іс-шаралар жасап жүр. Сол қатарда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға болып, оның 11 жылдан бері өтпеген Саммитін абыроймен өткізгеніміз талай мәрте мақтанышпен ауызға алынатыны даусыз.

Осыдан әрі төраға сұхбат алаңында Елбасының осындай өрелі істері туралы пікірлер айтылып, оны халықаралық басқа да тұлғалармен салыстыру және халыққа оның өшпес істерін одан әрі жеткізу жолында қандай ұсыныстар мен пікірлер болмағын естігісі келетінін жеткізді. Сонымен қатар, Тұңғыш Прези­дент және Қазақстанның жаңа мемле­кеттік құрылымы, елдің әлеуметтік-эко­номикалық жаңғыру мәселесі, Қазақ­станның демократиялық даму эволюция­сы, бейбітшілік пен келісім, Қазақстан мәдениеті мен өнері туралы да пікірлер айтылғанын қалайтынын білдірді.

Алғашқы сөз кезегін алған белгілі дипломат, тәуелсіз Қазақстанның алғаш­қы Сыртқы істер министрі, профес­сор Төлеутай Сүлейменов біздің Орталық Азия елдері ішінде мәртебесі асқақтаған, экономикалық жағынан озық, қоғамы тұрақты, қауіпсіздік тұрғысынан алған­да берік ел бола алуымыздың өзі Елба­сы Н.Назарбаевтың көптеген саяси нұсқа­лардың ішінен ең дұрыс даму жолын таңдай білуінің арқасында екенін ешқашан да естен шығармауымыз керек, деді. Сонымен бірге, Елбасының жанында көп жүрген қайраткер Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке тұлғалық қырларынан да өзіне мәлім жайттарды айтып берді.

Мәселен, 1992 жылы Америка Құрама Штаттарына алғаш рет барған сапарында Елбасына кешкі қабылдау жасаған АҚШ Пре­­­­зиденті Дж.Буш қолқа салып, «сізді өнер­ге жақын жан деп естідік, бір өлең айтып беруіңізді өтінемін», деп сұраған екен. Н.На­зарбаев алдымен өзі, сосын бірге барған жұба­йы Сара Алпысқызы және қызы Дариға Нұр­сұлтанқызымен бірге қазақтың екі тамаша әнін орындап беріпті. Американың төрінде шыр­қалған қазақтың сазды әніне жиналған жұрт­шылық қызу қол соқса, қазақстандық деле­гацияның мүшелері қуаныштан көздеріне жас алыпты. Бұл сәт Америка басшылығы хатта­масының тарихына тіркелген еді. Сол дастарқан басында америкалық сұңғыла саясаткерлер бізге: «Сіздер бақытты халықсыздар, сіздер әлі алысқа барасыздар», деген тұрғыда пікірлер айтса керек. Міне, сол сөздердің орындалғанына қазір көзіміз жетіп отыр, деді профессор.

Ресейлік қонақ Насипхан Суюнованың да пікірлері мазмұнды, ойлары орамды болды. Ол қазақстандықтарға өзінің қызығушылықпен қарайтынын жасырмады. Тәуелсіз елдеріңіз бар, Астанадай әлем қызығатын тамаша қалаларыңыз бар сіздер қандай бақытты жансыздар, деді ол. Сөйтсе, бұл кісінің өзі Ресейде тұратын ноғайлардың өкілі болып шықты. Бір кездегі ордалы ел болған халықтың қазір жұқанасы ғана қалған. Барлық саны 103 мыңнан сәл ғана артық көрінеді. Оның да жартысы империяның ұсақ халықтарды өздеріне сіңіру саясатының құрбаны болып, өз тілдерін білмейді, ділінен де айырылған. Біздер – түбіміз де, тіліміз де, діліміз де, дініміз де бір халықпыз. Біздің арамызда да найман, қаңлы, тама, қоңырат деген рулар көп кездеседі. Әттең, тағдырдың жазуымен біз өз туыстарымыздан айырылып қалғанбыз. Сол өкінішті. Алайда, қазақтардың жетістігіне, оның Президентінің әлем мойындаған тұлға болғанына біз де қуанамыз, деді ол.

Бұлардан басқа сөйлеген адамдар да Қазақ­­­­станның барлық жетістігін Елбасы Н.Назар­баевтың есімімен тікелей байланыс­тырды. Жи­налыс соңынан жиналғандар қарар қабылдады. Онда мемлекеттілікті қалыптастырудағы Елба­­­сының қызметін зерделеу ауқымын ке­ңейту, Президенттің ұлттық тарихты зерттеуге қатысты берген тапсырмала­­­­рын орындау, Тұңғыш Президент және оның Қазақстан мемлекеттілігін қалып­тастырудағы рөлі мен қызметін зерттеудің ғылыми тұжырымдамасын жасау секілді қадау-қадау мәселелер қамтылған.

Жақсыбай САМРАТ,

«Егемен Қазақстан».         

Соңғы жаңалықтар

Ертіс өзенінде сең қозғалды

Табиғат • Бүгін, 09:45

Айдың арғы беті...

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:10

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:58