Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2020

Қайраткер рухына құрмет

317 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Арал қаласындағы №262 мектеп-гимназиясы ауласына көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, тәуелсіз еліміздің алғашқы Премьер-Министрі Ұзақбай Қарамановтың мүсіні қойылды. Белгілі тұлғаға ел құрметін танытатын шараға Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қатысты.

Қайраткер рухына құрмет

Қайраткер есімі білім ошағына биылғы наурыз айында берілген болатын. Осыдан кейін облыстық бюджеттен қажыр-қайратын ел­дің өркендеуіне арнаған аза­мат­тың мүсінін әзірлеуге қар­жы бө­лініп, ол Қазақстан Рес­пуб­ликасы Мәдениет және спорт ми­­­нистрлігі жанындағы мемле­кеттік комиссия келісімін алды.

Салтанатты шарада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев­тың құттықтау хаты оқылды. Об­лыс әкімі Гүлшара Әбдіқа­лы­қова Аралдан шығып, Алашқа та­нылған елдің ұлының рухын ұлықтау кейінгілерге парыз еке­ні­н атап өтті.

1

– Ұлы адамдардың өмір жо­лы ұрпақ үшін әрқашан өнеге. Тәуелсіз Қазақстан Респуб­ли­­­ка­сының тұңғыш Премьер-Ми­нистрі қызметін атқарған Ұзақ­бай Қараманов ағамыздың елдік мүддені жоғары қойған қайраткер болғаны қай буын үшін де үлгі. Жұртына адал қыз­мет етіп, II дәрежелі «Барыс», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен және түрлі жоғары дәрежедегі медальдармен марапатталған Ұзақбай Қараманұлы жұрт жадынан өш­пейтін тұлға, – деді облыс әкімі.

Аудан тұрғындары мен қай­рат­кермен үзеңгілес азаматтар, ізбасар інілері жиылған ша­рада Мәдениет және спорт ми­нистрі Ақтоты Райымқұлова, Қа­зақстан Республикасына еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, ар­дагер-журналист Шәкірат Дәр­мағамбетов лебіз білдірді.  

Осыдан кейін қонақтар Ұзақ­бай Қарамановтың жеке заттары мен ол туралы жазылған еңбектерден жасақталған  қоғам­дық музей жұмысымен та­нысып, «Бастау» кәсіби қо­ғам­­дас­тық кабинетінде үздік оқу­шы­ла­рымен кездесті.

Аудандық білім бөлімінің басшысы Санира Жанназарованың айтуынша, қайраткер есімін иеленген, 1200 орындық №262 мек­­теп-гимназиясы 2009 жылы пай­далануға берілген. Ұжым­да 106 пе­дагог бар. Өткен оқу жылының өзінде 8 мұ­ғалім республикалық идеялар фес­тивалі мен форумдарда, 21 мұ­ғалім облыстық деңгейдегі се­ми­нарлар мен конференцияларда іс-тәжірибесін таратыпты. Биыл білім ошағынан ҰБТ-ға қа­тысқан 24 түлектің 22-і мем­лекеттік білім грантын иеленген.

 

ҚЫЗЫЛОРДА