30 Қазан, 2013

Ана. Баспана... Өмірге қарайды жасқана

280 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қарағандыдағы Ғабдушев­­тардың отбасы алты жылдан бері әлі салынып болмаған көп пәтерлі үйді баспана ретінде сағалап келеді. Отбасында бес бала бар. Ең кішкентайлары 6 айға жақында ғана толған.

Отбасындағы ананың айтуына қарағанда олар тұрып жатқан құрылысты бастаған іскер азамат Ғабдушевтардың жағдайын түсініп, осы үйде тұруларына рұқсат берген. Бұл үшін бес баланың анасы бизнесменге үлкен алғысын білдіреді. Өйткені,

Қарағандыдағы Ғабдушев­­тардың отбасы алты жылдан бері әлі салынып болмаған көп пәтерлі үйді баспана ретінде сағалап келеді. Отбасында бес бала бар. Ең кішкентайлары 6 айға жақында ғана толған.

Отбасындағы ананың айтуына қарағанда олар тұрып жатқан құрылысты бастаған іскер азамат Ғабдушевтардың жағдайын түсініп, осы үйде тұруларына рұқсат берген. Бұл үшін бес баланың анасы бизнесменге үлкен алғысын білдіреді. Өйткені,мұның өзі, мұқтаж жандар үшін үлкен көмек. Олар өздерінен басқа жан тұрмайтын осы үйдің бір пәтеріне өз беттерімен пеш орнатып, қыста қатып қалмаудың амалын қарастырған. Ал суды алыстағы бұлақтан тасиды.

– Менің балаларым да осы елдің ұландары ғой. Олар сабақтарын жақсы оқиды. Спорт­пен де шұғылданады. Үлкен қызым Ділназ гимнастикамен айналысады. Жасөспірімдер арасында екінші разряды бар. Бірақ дәл қазіргі күні олар­дың болашағы ешкімді толған­дыр­майтын секілді. Билік ба­сындағыларға көмек сұрап барсам, бәрі де бір-бірінің аузына түкіріп қойғандай «неге туасың?!» деп өзіме әкіреңдейді. Егер бұл балаларды маған Алла беріп отырса, мен олардан бас тартпақпын ба? Осыны ұқпайтындарына ренжимін, – дейді Жәния.

Жәнияның айтуынша, жұ­байы екеуінің басында осы уа­қытқа дейін меншік үй бол­маған. Осы үйді паналағанға дейін «Бер­лин» кентіндегі үйді айына 25 мың теңге төлеп жалдап тұрған.

«Новые вестниктің» хабарлауынша, қазіргі күні бұл отбасы бар болғаны бір бөлмені ғана паналап отырғанымен, оның ішінде балалардың «Даңқ бұрышы» бар екен. Онда балалар өздерінің алған мақтау қағаздары мен спорт жарыстарындағы медальдарын, суреттерін орналастырыпты. Шамасы «сананы тұрмыс билейді» деген рас болса керек. Бұл балалар қазіргі күні спорт саласында белгілі бір жетістіктерге жетуді көп армандамайды да. Олардың негізгі арманы – тұрақты бір баспаналы болу.

Шенеуніктер Ғабдушевтарға кезектен тыс пәтер бөле алмай­тындықтарын ескертіп отыр. Олардың айтуына қарағанда, қалада бұл секілді 5 мың адам бар көрінеді. Кейбірінің жағдайы Ғабдушевтардан да қиын деседі.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар

Ертіс өзенінде сең қозғалды

Табиғат • Бүгін, 09:45