30 Қазан, 2013

Шалдар соттасып жатыр

323 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Биағамыз: «Даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры», дегелі көп өтсе де, ел ішінде дау-дамайдың азаяр түрі жоқ. «Қайдан келесің, соттан келемін, сот емес-ау, оттан келем­нің» мысалы да өршіп тұр. О заман да, бұ заман, ақын Абай атындағы ауылда­ғы даудың басы – өлең болады деп кім ойлаған?!. «Естімеген елде көп» дейміз бе, әлде «қазақта талай қызық бар» дейміз бе? Әйтеуір, ә дегенде езу тарт­қы­зар осы жәйттің ар жағынан елдің рухани тұрғыдан азып-тозбауы жөнінде­­­гі өзекті мәселені өзек қылып, ойға шомсаңыз, күлудің орнына күрсініп те қаларсыз.

Жақсылық қария осыдан біраз уақыт бұрын «Алаяқ қулар ауылда бар...»

Биағамыз: «Даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры», дегелі көп өтсе де, ел ішінде дау-дамайдың азаяр түрі жоқ. «Қайдан келесің, соттан келемін, сот емес-ау, оттан келем­нің» мысалы да өршіп тұр. О заман да, бұ заман, ақын Абай атындағы ауылда­ғы даудың басы – өлең болады деп кім ойлаған?!. «Естімеген елде көп» дейміз бе, әлде «қазақта талай қызық бар» дейміз бе? Әйтеуір, ә дегенде езу тарт­қы­зар осы жәйттің ар жағынан елдің рухани тұрғыдан азып-тозбауы жөнінде­­­гі өзекті мәселені өзек қылып, ойға шомсаңыз, күлудің орнына күрсініп те қаларсыз.

Жақсылық қария осыдан біраз уақыт бұрын «Алаяқ қулар ауылда бар...» деген өлең жазады. Терме үлгісіндегі туындысында ол ауылындағы дүмше молдалардың астамшылықтарын «қам­­шыға» алады. Сөйтіп, кісісі қаза болған үй иелерінен жаназа мен құран оқығандары үшін ақша алуды «бизнеске» айналдырған молдаларды ақылға шақырмақ болыпты. Бірақ өлеңнен өздерінің бет-бейнесін танығандар «ар-намысымыз бен қадiр-қасиетiмiзге нұқсан келтiрiп, беделiмiздi түсiретiн мазақ өлеңiнен бiздiң әрқайсымызға келген моральдық залал көлемiн 1 000 000 (бiр миллион) теңгеге баға­лаймыз» деп, Жақсылық ақынды сотқа берген. «Іздегенге – сұраған» дегендей, судья Заппарова арыз иелерінің хатындағы 1 миллион теңге туралы талапты қанағаттандырмаса да, ақиқатты айтқан ақынжанды қариядан арызданушының әрқайсысының пайдасына 30 мың теңге төлеуі керек екені жөнінде үкім шығарған.

Ал ауданның бас имамы Аят Алмаханов болса ақын жағында. Ол: «Абай ауылындағы Амантай Тiлепбергенов деген кiсi өзінше топ құрып, өздерін өздері молда сайлап, кiсiсi бақилық болған үйдегі жаназада әдепсiздiк жасапты. Осы топты тәртiпке шақыруды ауыл тұрғындары өтiнген соң, аталған ауылдағы мешiтте жиналыс өткiздiм. Жиналған жұртқа мешiтке молданы тағайындау Қазақстан мұсылмандары дiни бас­қармасының құзырында екенiн, дiни бiлiмi жоқ кiм көрiнген молда бола алмайтынын айтып түсiндiрдiм. Өкiнiшке қарай, Тiлепбергенов Аман­тайдың тобы бұл жиналысқа келмедi», дейді.

– Мақұл ғой, өзін-өзі имаммын деп «жария­­лағаннан» кейін асыл дiнiмiздегi кешiрiмшілдiкті, ауызбiршілiкті, адамгершілікті уағыздауы керек емес пе? Кебiсiн лақтырып, бала-шағаның кө-зiнше бейәдеп сөздерді бұрқырататын мұндай «имамдар» имандылық жайлы қалай насихат айтады? Мен өзiмдi ақынмын деп есептемеймiн. Әлгi сықақты жазуыма ауыл тұрғындарының сұра­нысы түрткi болды. Сонда аты-жөнін көрсет­пей өлең жазып, сын айтқан адамдардың бәрiне сот айыппұл төлетiп, аяққа жығып берiп жатса, қоғамдағы кесірлер мен кесапаттар қалай түзеледi? «Бас кеспек болса да, тiл кеспек жоқ», деген бабалар өсиетi адыра қалғаны ма? Бәрiнен де ауыл ақсақалдары жастарға имандылық үйретсiн деп ауылымызға мешіт салып берген адамдардан ұят болды. Өздерінше топ құрып, ортасынан имам сайлап алғандардың серкесi ойына келгенiн қашанғы iстейдi? – деп сотталған «ақын» және отыр.

Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан».

Жамбыл облысы,

Шу ауданы,

Абай ауылы..

Соңғы жаңалықтар

Ертіс өзенінде сең қозғалды

Табиғат • Бүгін, 09:45