Тағайындау • 03 Қыркүйек, 2020

Қызылорда облысы Сырдария ауданының әкімі тағайындалды

809 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін облыс әкімінің өкімімен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Сырдария аудандық мәслихатының келісімдері бойынша Сырдария ауданының әкімі лауазымына Дүйсебаев Талғат Тұрсынұлы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қызылорда облысы Сырдария ауданының әкімі тағайындалды

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова аудан активіне жаңа басшыны таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Талғат Дүйсебаев 1973 жылы туған. Қызылорда политехникалық институтын "бухгалтер-экономист", Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін "заңгер" мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Жалағаш аудандық жасөспірімдер спорт мектебінде дене шынықтырушы ретінде бастаған.

1994-2011 жылдары Жалағаш аудандық білім бөлімінің есепшісі, Жалағаш ауданы әкімі аппаратының экономика және кәсіпкерлікті қолдау секторының бас маманы, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім бастығы, ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары болды.

2011-2017 жылдары облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, Жалағаш ауданының әкімі қызметін атқарды.

2017 жылдан бастап, осы кезге дейін Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болды.