30 Қазан, 2013

Депутаттық топтың кезекті отырысы

380 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Парламент Мәжілісіндегі «Қазақстан халқы Ассамблеясы» депутаттық тобының кезекті отырысы болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Парламент Мәжілісінің «Қа­зақ­­стан халқы Ассамблеясы» депу­таттық тобының отырысын­да Мемлекет басшысы Н.Назар­­баевтың «Нұр Отан» партия­сының XV съезінде берген тапсырмаларын іске асыруға байла­нысты мәселелер қарал­ды.

Парламент Мәжілісіндегі «Қазақстан халқы Ассамблеясы» депутаттық тобының кезекті отырысы болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Парламент Мәжілісінің «Қа­зақ­­стан халқы Ассамблеясы» депу­таттық тобының отырысын­да Мемлекет басшысы Н.Назар­­баевтың «Нұр Отан» партия­сының XV съезінде берген тапсырмаларын іске асыруға байла­нысты мәселелер қарал­ды.Қазақстан халқы Ассам­блея­сының Ұлттық бірлік доктринасы мен «Нұр Отан» партиясы Доктринасының ортақ мақсаттары елдің тұрақтылығын және халықтың бірлігі мен әл-ауқатын сақтауға бағытталған.

«Нұр Отан» партиясының Доктринасы туралы баяндама жасаған Парламент Мәжілісінің депутаты, «Қазақстан халқы Ас­самблеясы» депутаттық то­бының мүшесі Шалатай Мырзахметов партияның миссиясы, құндылықтары, жалпыға бірдей факторлар мен партияның тарихи жауапкершілігі, Қазақ­стан өркендеуінің шарттары­ ретінде бірлік пен жалпы­ға­ бірдей келісім, отбасы­ құн­ды­лықтары, қоғамды дамы­тудағы мемлекеттің рөлі, тиімді мемлекеттік басқару және мем­лекеттік қызметтердің сапасы, Қазақстанның бүкіл азаматтары өмірінің сапасын жақсарту туралы жан-жақты айтып берді.

Пікір алмасу кезінде депутаттар А.Мурадов, В.Киянский, З.Саяпова сөз сөйледі.

Екінші мәселе бойынша Парламент Мәжілісінің депутаты, Парламент Мәжілісіндегі «Қазақстан халқы Ассамблеясы» депутаттық тобы төрағасының орынбасары Егор Каппель сөз сөйледі. Ол партияаралық ынтымақтастық, бейбітшілік пен азаматтық келісімді қамтамасыз ету мәселелері бойынша депутаттық топтың қызметін ақпараттық сүйемелдеуді ұйымдастыру қажеттігі, материалдарды міндетті түрде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялай отырып, әрбір тоқсанға әзірленетін медиа-жоспарды іске асыруға «Қазақстан халқы Ассамблеясы» депутаттық тобы мүшелерінің қатысуын қамтамасыз ету туралы, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай саяси партиялар фракцияларының қатысуымен «Бір ел – бір тағдыр» брифингіне дайындық және оны өткізу жөнінде хабарлады.