30 Қазан, 2013

Құттықтау жеделхатын жолдады

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Георгий Маргвелашвилиге оның Грузия Президенті лауазымына сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.

Жеделхатта Қазақстан Прези­денті Г.Маргвелашвилидің жоғары мемлекеттік лауазымдағы қызметі Грузияның одан әрі жан-жақты дамуы мен өркендеуіне септігін тигізетініне сенімін білдірген.

«Қазақстан мен Грузия ара­сындағы өзара тиімді ынты­мақ­тастық біздің елдеріміз халық­тарының игілігі үшін өзара сенім мен құрмет жағдайында алда да дами беретініне сенемін», деп атап өткен Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Г.Мар­гве­лашвилиге зор денсаулық және жауапты қызметінде мол табыс, сондай-ақ достас грузин халқына бейбіт өмір мен бақ-береке тіледі.

Соңғы жаңалықтар

Ертіс өзенінде сең қозғалды

Табиғат • Бүгін, 09:45