"55 жастағы азаматтың мекенжайынан 43 орамға бөлініп салынған 900 грамм қарасора, 16-калибрлі аңшы мылтығы, 50 дана оқ-дәрі, 62 дана гильза табылды. Сондай-ақ, оның ауласында құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіргені анықталып, 178 түп қарасора алынды", деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Департаменттің мәліметінше, заңсыз әрекетке барған азамат уақытша оқшаулау изоляторына қамауға алынды. Оған қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің "Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тиым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіргені" және "Есірткі заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындап, кептіріп, үгітіп сату" баптарымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сондай-ақ, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 482-бабымен (Қаруды заңсыз сақтау) әкімшілік хаттама рәсімделді.