"28 тамызда сағат 08:30-12:30 аралығында 47 жастағы азамат Атырау ықшамауданында тұратын танысының үйіне кедергісіз кірген. Үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, 14 200 АҚШ доллары мен зергерлік бұйымдарды ұрлаған. Полиция қызметкерлері танысына 5 960 000 теңге көлемінде залал келтірген ұрыны анықтап, ұстады. Одан айғақ зат ретінде қолды болған шетел валютасы мен зергерлік бұйымдар табылды", деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазір танысын саз отырғызуды ойлаған ұрыға қатысты ҚР Қылмыстық Кодекстің 188-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.