30 Қазан, 2013

Қаржы полициясы қаралайтын мекеме емес

525 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Биылғы жылдың шілдесінде қаржы полициясы қызметкеріне 2 млн. теңге көлемінде пара берді деген күдікпен «Тұрғын үй» МКҚМ-нің бұрын­ғы директоры Н.Түрежанов және «Стронг Базис» ЖШС-нің басшысы М.Жамалов ұсталды. Қыркүйекте М. деген азамат­шадан оны декреттік демалыс­тан шы­ғуына байланыс­ты және қайта жұмыс­қа қабылдау үшін 75 мың теңге көле­мінде пара талап етті деген күдік­пен Шым­кент қаласының №70 «Шол­пан» бө­бек­жай-балабақшасының меңге­ру­шісі З.Мырзабаева ұсталды.

Биылғы жылдың шілдесінде қаржы полициясы қызметкеріне 2 млн. теңге көлемінде пара берді деген күдікпен «Тұрғын үй» МКҚМ-нің бұрын­ғы директоры Н.Түрежанов және «Стронг Базис» ЖШС-нің басшысы М.Жамалов ұсталды. Қыркүйекте М. деген азамат­шадан оны декреттік демалыс­тан шы­ғуына байланыс­ты және қайта жұмыс­қа қабылдау үшін 75 мың теңге көле­мінде пара талап етті деген күдік­пен Шым­кент қаласының №70 «Шол­пан» бө­бек­жай-балабақшасының меңге­ру­шісі З.Мырзабаева ұсталды.Өзбек­стан Республикасына екі жүк көлігін кедер­гісіз тездетіп өткі­зу үшін штаттан тыс қызметкер А.Ер­жанов деген азамат арқылы К. деген азаматтан 30 мың теңге­ні пара ретінде алды деген күдікпен Қап­­лан­бек кеден бекетінің бас маманы М.Қасымбеков ұсталды. Әл-Фараби аудан­дық СЭС мекемесінің бас маманы «Қуа­ныш» кафесінің тазалығына көз жұ­ма қарағаны үшін 15 мың теңге пара алған...

Облыстық қаржы полициясының баспасөз қызметінен электрондық поштамызға осындай елді елең еткізерлік жаңалықтар жиі түсіп тұрады. Содан болар, жылт еткен жаңалықты елге жылдам жеткізу­­­ге тырысатын қалам ұстаған тілші қауымының да, осындай ақпарат­­­тарды оқитын қарапайым халықтың да түсінігінде қаржы полициясы тек қолға кісен салатын, топырлатып ұстай беретін мекеме сияқты елестейтіні жасырын емес. «Әрине, қаржы полициясы органдары жедел-іздес­тіру қызметін, алдын ала тергеу және анықтау, экономикалық және қаржылық қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында адам мен азаматтың құқықтарына қол сұғушылықтың алдын алуға бағытталған қызметті жүзеге асырады, – дейді Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастығы Серікбай Ерімбетов. – Бірақ, біздің мекеме, ең алдымен, мемлекеттің экономика­лық қауіпсіздігін, кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін қам­тамасыз етеді. Ең бастысы, экономикалық қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын алу, жолын кесу болып табылады. Президент Н.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жол­дауында «Біз құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің ре­формасын жалғастыруға тиіспіз. Онсыз біз тәртіпсіздікке мүлдем төзбеуді қалыптастыру және жемқорлықты түбірімен жою жөніндегі міндеттерді шеше алмаймыз», деп айтқан болатын. Сондай-ақ, Елбасының «Қазіргі таңда халықаралық сарапшылардың бағасы бойынша Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы ең тиімділердің бірі деп танылған. Біздің бұл бағыт­тағы іс-әрекеттеріміз мемлекеттік аппараттағы сыбайлас жемқорлық деңгейін едәуір төмендетті. Мұны халықаралық сарапшылар атап айтуда. Алайда, бізге сыбайлас жемқорлықпен күрестің жаңа стратегиясын жасау қажет. Парақорларды анықтау және сотқа тарту жеткіліксіз. Жаңа құқықтық тетіктерді, ақпараттық мүмкіндіктерді пайдалану, жұрт­шылықты жемқорлық тәртіп бұзу­шылықты ескерту мен алдын алуға кеңінен тарту керек», деп айтқаны бір жағы біздің жұмы­­­сымызға берілген баға, бір жағы алдағы жұмы­сымыздың бағыт-бағдары екені анық. Шынында, соңғы жылдары құқық қорғау органдарында бірқатар нәтижелі реформалар жүргізіліп, базасы жақсартылды. Функциялары нақты айқындалды. Қызметтің қайталануы жойылды».

Бүгінде сыбайлас жемқор­лықпен­ бі­­­­тіс­­­пес күрес жүріп жатыр. Жа­­қын­­да ғана­­­­ Оң­­­­тү­с­тіктің қаржы полиция­­сы ­Н.Бей­­се­ев­ де­ген азаматтың бас­шы­лы­ғында­ғы 10 адамнан тұ­ра­тын ұйымдасқан қылмыстық топтың қызме­тіне шектеу қойды. Жақын туыстардан тұратын атал­ған қылмыстық қоғамдастық 2007-2013 жылдар аралығында жалған кәсіпкерлік құру, салық органдарына кіріс туралы мәліметтерді жалған енгізіп, бюджетке төленетін міндетті төлем­дер мен салық төлеуден бас тартып, әдейі және қасақана бан­кроттық жариялау арқылы мемле­кетке ірі мөлшерде залал келтір­ген. Шұғыл-іздестіру іс-шаралар жүргізу нәтижесінде аталған топтың жақын туыстарына және қайтыс болып кеткен адамдарға рәсімделген 20-ға жуық жалған кәсіпорын анықталды. Олар келтірген залалдың сомасы бүгінгі таңда 15 млрд. теңгені құрайды. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша 2 қылмыстық іс қозғалып, топтың басшысы Н.Бейсеевке іздеу жарияланды.

– Жасыратыны жоқ, «біреуді қаржы полициясына шақырыпты, тергепті» дегенді естісек, «оның шаруасы бітті деген сөз» деп сырттай тон пішіп қоятынымыз бар. «Шынында, біздің полицияға шақырылып, тергеуге тартылған азаматтарға әртүрлі ой келуі мүмкін, – дейді бұл жөнінде Серік­бай Садықұлы. – Бірақ, қаржы поли­циясы қорқытатын немесе адамды тек қаралайтын мекеме емес. Және қылмыстық іс қозғау немесе тергеуге шақыру бұл міндетті түрде сотталасың деген де сөз емес. Бұл жерде азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтауда өте мұқият болу керек. Айтайын дегенім, қаржы по­ли­ция­сының әрбір қызметкері заң шеңберінде әр нәрсенің байыбына барып, зерттеп, содан кейін шешім қабылдауы тиіс. Елбасымыз айтқандай, құқық қорғау органында қызмет ететін адам­дарға біздің тұрғындардың сенімі ерек­ше болуы керек. Сол себептен, қазіргі жағ­дайда біз өзіміздің қатарымызды таза мамандармен толықтыруымыз қажет. Қазір біздің облыста 140-тан астам жоба іске асып жатыр. Соның 48-і мемлекеттік бағдарламалардың аясында қолға алынуда. Бұған мемлекет тарапынан қыруар қаржы бөлінген. Міне, осы қаржылардың тиімді және өз мақсатына жұм­салуы қаржы полициясының бақылауында. Әйтсе де, бұл бағытта көптеген кемшіліктердің бар екенін мойындауымыз қажет. Жақында ғана Ордабасы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы жауапқа тартылды. Ауызсу бағдарламасы бойынша елді мекендерге бөлінген қаржы талан-таражға түсіпті. Ең жаманы, басшы жауапқа тартылғанымен, біреулердің салғырттығы, жауап­сыздығынан қаншама ауыл ауызсусыз қалды десейші...».

Есеп-қисаптың да ұңғыл-щұң­ғылы өте көп қой. Серікбай Садықұлының сөзінен аңғарға­ны­мыз, қаржы полициясы есеп құжаттарын жаңғақша шағып, жік-жігін ажыратып беретін нағыз тексеруші мамандарға зәру көрінеді. Содан амал жоқ, облыстық қаржы-бақылау басқармасына, салық басқармасына өтініш хат жазады. Алайда, шетелдердегідей құқық қорғау органдарында осындай тәжі­рибелі мамандарды топтастыратын күн алыс емес сияқты. Бұл, әрине, экономикалық қылмыстарды ашу пәрменділігін арттыратыны сөзсіз.

Бүгінгі басты міндеттердің бірі – кәсіп­керліктің қауіпсіздігін қам­тамасыз ету. ЭСЖКА төр­ағасы Рашид Түсіпбеков бизнестің жұмысына қаржы полициясының жөн-жосықсыз араласуын тоқта­ту­ды қолға алған болатын. Қазір­гі жағдайда қаржы полиция­сы қызметін өз шеңберінде ғана шектеп қойған жоқ. Басқа да құқық қорғау органдарымен бірле­сіп жұ­мыс істеп, ең бастысы, ха­лық­тың көмегіне сүйенуде. Қазір кә­сіп­керлердің арнайы орта­лығы бар. Бұл мекеменің де тұрғын­дар­дың құ­қықтық сауатын ашуда көмегі зор.

Оралхан ДӘУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Оңтүстік Қазақстан облысы.

Соңғы жаңалықтар