Оқиға • 04 Қыркүйек, 2020

2020 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссиясының хабарламасы

634 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2020 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссиясы аталған сыйлықты алу үшін алдын ала іріктеуден өткен және конкурстың келесі кезеңіне жіберілген шығармалар тізімін ұсынады:

2020 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссиясының хабарламасы

Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлы – «Абыз Әбіш. Әбіш Кекілбаевтың ойшылдығы туралы толғаныстар».

Маңғыстау облысының әкімдігі ұсынған.

Ақсұңқар Серік – «Көкейімде – Күлтегіннің жазуы» өлеңдер жинағы.

«Қазақстан Жазушылар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған.

Даутаев Несипбек Даутайулы – «Кісі иесі» повестер мен әңгімелер жинағы.

«Қазақстан Жазушылар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған.

Есім Ғарифолла – «Ғұлама-наме» трилогиясы.

«Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универ­ситеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы респуб­ликалық мемлекеттік кәсіпорны ұсынған.

Жолдасбеков Мырзатай – «Ұлы дала әдебиеті» жинағы.

«Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесі ұсынған.

Казгулов Алпысбай – «Дала дүбірі» шығар­ма­шы­лық жұмыстар сериясы.

«Қазақстан Республикасы Суретшілер одағы» қо­ғамдық бірлестігі ұсынған.

Канапьянов Бахытжан Мусаханович – «Достояние души» өлеңдер жинағы.

«Қазақстан Жазушылар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі мен «Қазақ ПЕН клубы» қоғамдық бірлестігі ұсынған.

Муканова Роза Кажыгалимовна – «Сарра» драматургиялық шығармалар жинағы.

«Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесі ұсынған.

Нурмаганбетов Тынымбай Нурмаганбетұлы – «Періштелердің өлімі» роман, әңгімелер жинағы.

«Қазақстан Жазушылар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған.

Сариев Шөмішбай Нағашыбайұлы – «Сәлем, саған туған ел» өлеңдер жинағы.

Қызылорда облысының әкімдігі ұсынған.

Авторлар ұжымы: Елубаев Смагул Абатович, Абдрашов Рустем Жарасканович, Асенов Арман Тур­сунбаевич, Кемалов Кайрат Кемалович, Дайыров Ерке­бу­лан Муратович – «Қазақ елі» сериалының кинонұсқасы.

«Қазақстан кинематографистер одағы» қоғамдық бірлестігі ұсынған.

Комиссия аталған шығармаларды талқылауға шығармашылық және мәдениет ұжымдарын, осы сала мамандарын шақырады.

Пікірлеріңізді ағымдағы жылдың 15 қыркүйегіне дейін мына мекенжайға жолдауды сұраймыз: Z05K5K8 Нұр-Сұлтан қаласы, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15–кіреберіс, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі.Тел: 8 (7172) 740475.