Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2020

Қазығұртта 8 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында  "Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы" шеңберінде 8 инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға 471 070 мың теңге қаралған. Осы жобаларды жүзеге асыру барысында 118 жаңа жұмыс орны ашылды. Жұмыспен қамтылған азаматтардың ең төменгі жалақысы 85 мың теңгені құрады, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазығұртта 8 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда

Қазіргі таңда 8 жобаның да құрылыс жұмыстары басталған. Олардың қатарында Шарбұлақ, Қақпақ, Қызылқия, Қызылата ауылдарындағы жалпы орта мектептерге жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары бар. Бұл білім ұяларына сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт мен газон төселіп, жарықшамдар мен бейнебақылау камералары орнатылды. Жөндеу жұмыстары нәтижесінде 3 мыңға жуық баланың көрікті және жылы ғимаратта сапалы білім алуға қолайлы мүмкіндіктер жасалынады. Сонымен қатар Қазығұрт ауылында №2 балалар және жасөспірімдер спорт мектебі ғимараты ағымдағы жөндеуден өткізілді. Онда да ғимараттың есік-терезелері жаңаланып, пандус орнатылған. Мұнда 100-ге жуық бала спортпен шұғылдануға жағдай жасалды. Одан бөлек, Қазығұрт ауылында орталық саябақ және дендросаябақ ағымдағы жөндеуден өтті.

Айта кетейік, мердігерлер тиісті санитарлық-эпидемиялық талаптарды сақтап, құрылысшыларды жеке қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз еткен.