Спорт • 04 Қыркүйек, 2020

Футболдан Ұлттар лигасы басталды

366 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Ұлттар лига бәсекелері басталды. Бейсенбіден жұмаға қараған түні біздер сан миллион жанкүйер бірнеше маңызды матчтардың куәсі болды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Футболдан Ұлттар лигасы басталды

Көпшілік назарын өзіне аударған кездесу Штутгарта «А» тобындағы Германия мен Испания құрамалары арасында өтті. Алғашқы кезеңде есеп ашылмады. 51-минутта Тимо Вернер нысана дәл көздеп, алаң иелерін алға шығарса, испаниялықтар тек 90+5 минутта ғана таразы басын теңестірді. Есеп – 1:1.

«А» тобындағы келесі матчта Украиана Швейцария құрамасын 2:1 есебімен ұтты. Бұл матчта есепті 14-минутта Андрей Ярмоленко ашты. 41-минутта Харис Сеферович  таразы басын теңестірді. 68-минутта Александр Зинченко жеңіс голын соқты.