Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2020

Гүлшара Әбдіқалықова мен Нұрлыбек Нәлібаев әлеуметтік сауда үйлерін аралады

233 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мен қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласындағы әлеуметтік сауда үйлерін аралап, азық-түлік бағаларын бақылады. Сонымен бірге сауда нысанындағы дезинфекциялық талаптардың орындалуын көрді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Гүлшара Әбдіқалықова мен Нұрлыбек Нәлібаев әлеуметтік сауда үйлерін аралады

Алдымен, аймақ басшысы "Анвар" сауда үйіне барды. Сауда үйінің сөресінде 8 000 тауардың түрі бар және тұтынушыларға арналған 5 касса жұмыс жасайды. Оның ішінде 1 касса мүгедек жандарға арналған. Сауда үйінде әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі тауар бағасы арнайы бекітілген бағамен сатылады.

Қала әкімі аймақ басшысына халық үшін маңызды әлеуметтік тауарлардың межелі бағасы республикалық баға талаптарына сәйкес сатылатынын атап өтті.

Облыс әкімі мұнан кейін "Қызылорда оптомаркет" сауда желісіне келді. Сауда үйінің сөресінде жалпы 10 000 тауардың түрі бар. Тұтынушыларға арналған 9 касса жұмыс жасайды. Бүгінде қалада сауда желісінің 5 филиалы жұмыс істейді, 115 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, халыққа қызмет көрсетеді.

Облыс әкімі күнделікті қолданыстағы азық-түлік өнімдерінің тапшылығы туындамауы керектігін  атап өтті. Сондай-ақ, қажетті қорды жасақтау міндетін қойды.

Облыс әкімі қаладағы ірі желі SMALL сауда үйіне де барды. Азық-түлік бағаларының бағасын бақылады.  

Сауда үйінің сөресінде 15 000 тауардың түрі бар және тұтынушыларға арналған 12 касса жұмыс жасайды.

Қазір қала бойынша «SMALL» сауда үйінің 5 филиалы жұмыс жасап, 100-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Сауда үйін аралау нәтижесінде облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қала әкімі мен Қызылорда қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысына ашық базарларда санитарлық нормалардың сақталуын қадағалап, тұрғындардың бетперде режимін сақтауын бақылауға алу қажеттін тапсырды. Халық жиі шоғырланатын сауда нысандарында дезинфекциялық шаралар қарқынды жүруі тиістігін айтты. Сонымен бірге, азық-түлік бағасын тұрақты бақылауда ұстап, қажетті қорды алдын ала жасақтауды міндеттеді.