Бүгін таңертең Шымкент қаласынан ұшып шыққан "Қазавиақұтқару" АҚ-ның тікұшағы Атырау облысында жанып жатқан қамысты сөндіруге кірісті.
Естеріңізге сала кетейік, Атырау облысында Атырау қаласынан 30-40 шақырым қашықтықта Каспий теңізінің жағалауында қамыс жанып жатыр. Жеке ошақтармен жануда.
Жану орны батпақты, өсімдіктердің биік болуы өртті сөндіруді қиындатты, осыған байланысты арнайы техниканың өту мүмкіндігі жоқ.
Өрт алаңы анықталуда, елді мекендерге қауіп жоқ.