Мекеме Қазалы стансасындағы механикалық шеберхананың негізінде 1933 жылы құрылған екен. Ал станок одан бұрын әкелінген көрінеді. Қазір құрылғының ауданға қай уақытта жеткізілгенін тап басып айтатындар да жоқтың қасы. Анығы, осы мекеме ашылғалы бері құнды мүліктің қатарында тұрғандығы. Станоктың жасалғанына ғасырдан асса да әлі жұмысқа жарамды болуының басты себебі күтімді ұсталуында.
Дистанцияның электроматор және электрожетек жөндеу цехында құрылғыларды жөндеуші болып еңбек ететін Қуат Нәби көне аспаптың «тілін тапқан» шебердің бірі.
– Ескі болғандықтан кейде жұмыс кезінде сәл-пәл ауытқу болады. Ондай сәтте құрылғыны бастапқы өлшем бабына қайта келтіріп аламын. Әзірге «Niles» станогында жасалған бөлшектерге қатысты ешкім шағым айтқан жоқ, – дейді темір ұстасы.
ҚЫЗЫЛОРДА