Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы тапсырмалар бойынша баяндама жасап, Премьер-Министр Асқар Маминге биыл және алдағы уақытта атқарылатын жоспарларын жеткізді.

Ведомство басшысы коронавирустық инфекцияға қарсы күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне үстемеақы осы жылдың соңына дейін жалғасатынын айтты. Наурыз бен шілде айы аралығында жалпы сомасы 59,6 млрд теңгеге үстемеақы төленген болатын. Енді тағы да қосымша 150 млрд теңге бөлінеді. Тиісті есептеулер Қаржы министрлігіне енгізілді.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы биылдан бастап 2023 жылға дейін дәрігерлер мен санитарлық-эпидемиялық қызмет мамандарының жалақысын экономикадағы орташа еңбекақыдан екі есеге арттыруды тапсырғаны мәлім. 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңда аталған шығындар қарастырылған. 247 мың медицина қызметкерінің жалақысын кезең-кезеңмен арттыру шығындары: 2021 жылы – 222,3 млрд теңге, 2022 жылы – 361,7 млрд теңге, 2023 жылы – 557,5 млрд теңге.
Денсаулық сақтау министрлігі Индустрия және инновациялық даму министрлігіне отандық фармацевтика және медициналық өнеркәсіпті дамыту бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес негізделген кешенді ұсыныс енгізеді. Халықтың сұранысына сәйкес өзінің тиімділігін көрсеткен дәрі-дәрмектерге басымдық беріледі.
Сондай-ақ 13 жұқпалы аурулар ауруханасы салынады. Қазіргі уақытта облыс әкімдіктері 12 модульді инфекциялық аурухананың құрылыс жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр. Тағы бір ауруханаға кешенді жаңғырту жасалуда және алдағы қазан айында қолданысқа беріледі. Вирустың екінші толқынына дайындық жан-жақты жүргізілуде. Қосымша 2700 инфекциялық төсек-орын дайындалуда.
2025 жылға қарай мемлекет-жекеменшік әріптестігі есебінен су жаңа 20 медициналық орталық құрылады. Яғни жоғары технологиямен жабдықталған көпбейінді медициналық мекемелер пайда болады. Оған шамамен 1,5 трлн теңге инвестиция тартылады деп жоспарланған.
2021 жылдың соңына қарай Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында әрқайсысында 500 төсек-орын бар көпбейінді ғылыми-зерттеу орталықтары салынады. Бұл эпидемиялық қауіп-қатерлердің алдын алуға мол мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес алғашқы медициналық көмектің қызметі қайта қаралады. Денсаулық сақтау министрлігі осы бағытта халыққа көрсетілетін қызметтің сапасын және қолжетімділігін арттыру бойынша 2021-2023 жылдарға дейінгі кешенді жоспар әзірлейді. Атап айтқанда, елді мекендердегі фельдшерлік-акушерлік, дәрігерлік амбулаториялық пункттердің материалдық-техникалық жағдайына айрықша мән беріледі.
Шалғайдағы елді мекендер үшін көліктік медицина механизмі дамиды. Осы мақсатта жылжымалы тұрғыда жұмыс істейтін 100 медициналық кешен сатып алынады. Осылайша, аудандық ауруханалардың қажеттілігі 100 пайызға қамтылады.
2020 жылы «БРК-Лизинг» АҚ арқылы жедел жәрдем қызметтерін 1167 бірлік отандық санитарлық автокөліктермен қамту жоспарланған. Бұл ретте ауылдық жердегі медицинаға айрықша назар аударылады.
Денсаулық сақтау саласындағы мамандар тапшылығын реттеудің 10 жылға арналған жоспары әзірленеді. Эпидемиолог, инфекционист, реаниматолог, пульмонолог, кардиолог сынды мамандықтарға басымдық беріледі.
Ведомство басшысы «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 2021 жылы ЭКО-ға бөлінетін квота көлемі 7 есеге дейін көбейетінін және аталған бағыттағы жұмыстардың сапалы орындалу барысы қадағаланатынын атап өтті.
«Ясауи ізімен» экспедициясының көкжиегі кеңейеді
Руханият • Кеше
Тариф тұрғындарды тығырыққа тіремеуі тиіс
Қазақстан • Кеше
Ресей президентінің кезекті жолдауы
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Президенттік институт – пәрменді билік
Елбасы • Кеше
Өзегіне ұлт мінезі ұялаған «Салтанат»
Өнер • Кеше
Дулыға Ақмолда: Менің ешкімге ұқсағым келмейді
Өнер • Кеше
Таным • Кеше
Тоқішек пен тікішек обырларына шалдыққандар неге көбейді?
Медицина • Кеше
Екпе салдырушылар саны артып келеді
Аймақтар • Кеше
Дәрігерге «құрылысшы» киімі сатып алынғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
АҚШ санкциясы Қазақстанға әсер ете ме?
Қазақстан • Кеше
Ақтоғайдан Алматыға, одан кейін Бордо...
Спорт • Кеше
Қоғамдық кеңестердің өкілеті едәуір артады
Қазақстан • Кеше
«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Семейде 18 мектеп карантинге жабылған
Білім • Кеше
Ауылдарға ауыз судың жетуін Nur Otan бақылайды
Қоғам • Кеше
Қазақстанның Исландиядағы жаңа консулы таныстырылды
Саясат • Кеше
Адам өліміне қатысы болған экс-әкім қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Латын әліпбиінің жаңа нұсқасын талқылауға ұсынды
Қазақстан • Кеше
Сауран ауданына алғашқы әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Атыраудың ауылдарына таза ауыз су жеткізуді тапсырды
Аймақтар • Кеше
Президент Атыраудағы денсаулық сақтау нысандары ескіргенін айтты
Аймақтар • Кеше
Атырау облысында 37 жаңа мектеп салынады
Аймақтар • Кеше
Жол саласындағы мәселелерді кешенді түрде шешу қажет
Президент • Кеше
Президент Сарайшық қаласындағы туристік саланы дамытуды тапсырды
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы: Атырау облысында медицина мамандары жетіспейді
Медицина • Кеше
Жол салатын мердігерге талап қатаң болуға тиіс – Президент
Президент • Кеше
Жалақысы көп өңірлер анықталды
Қаржы • Кеше
Жамбыл облысында көлік ұрлығы 40 пайызға азайған
Аймақтар • Кеше
Отандық QazVac вакцинасының алғашқы партиясы пайдалануға берілді
Қазақстан • Кеше
Мемлекет басшысы: Қашаған кен орнын толық игеру керек
Президент • Кеше
СҚО-да өртенген саяжайдан ер адамның денесі табылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда биыл жеке тұлғалардан 5,3 млрд теңге көлік салығы түсті
Аймақтар • Кеше
Ұлт тарихтын зерделеудің бүгінгі ұстанымы
Тарих • Кеше
Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Жол сапасы ішкі туризмнің дамуын тежеп келеді – Сенат депутаты
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар