Қоғам • 07 Қыркүйек, 2020

Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

548 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Қазгидромет" РМК 7 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

"Синоптиктердің хабарлауынша, дүйсенбі күні Ақтөбе қаласында ауа сапасы нашарлайды деп күтілуде. Сондай-ақ түнде Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларында да метеожағдай нашарлайды. Еліміздің қалған қалаларында ауа сапасы норма шегінде болады", делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.