Өткен аптада Шымкент қаласында бір мектеп пен балабақша ғимараты пайдалануға берілді. Жаңа үлгіде салынған №60 жалпы орта мектеп 3 қабатты, 600 оқушыға арналған. Сондай-ақ, 24 оқу бөлмесі, 3 лингафонды, 2 информатика, химия, физика, биология пәндеріне арналған мультимедиялық кабинеттері, 180 орындық асхана, спорт және мәжіліс залы бар.
Өткен аптада Шымкент қаласында бір мектеп пен балабақша ғимараты пайдалануға берілді. Жаңа үлгіде салынған №60 жалпы орта мектеп 3 қабатты, 600 оқушыға арналған. Сондай-ақ, 24 оқу бөлмесі, 3 лингафонды, 2 информатика, химия, физика, биология пәндеріне арналған мультимедиялық кабинеттері, 180 орындық асхана, спорт және мәжіліс залы бар.Мектеп ғимаратының құрылысы өткен жылдың қазан айында басталған еді. Қысқаша айтқанда, оқушылардың бұл ғимаратта терең білім алып, жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған.
Жалпы алғанда, биылғы жылы Шымқалада 17 мектепке спорт алаңшалары салынып, 8 мектепке күрделі жөндеу, апатты жағдайдағы 3 мектептің 1-уіне қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, 4 жаңа мектептің құрылыстарына 1 860,0 млн. теңге бөлінді.
Сондай-ақ, облыс орталығындағы «Күншығыс» шағын ауданындағы №1 олимпиада резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдер кешенді мамандандырылған спорт мектебі балабақша ретінде қайта құрылды. Жалпы, сметалық құны 270 млн. теңгені құрайды. 280 орындық балабақшаның барлық бөлмелері әсем жабдықталған. Жалпы, Шымкент қаласында «Балапан» бағдарламасы бойынша 3-6 жас аралығындағы балаларды қамту 2012 жылы 61 пайызды құраса, биылғы жылы бұл көрсеткіш 70,8 пайызға жетті.
Мұндай көрсеткіш жаңа балабақша ғимараттарын салу мен бұрынғы балабақша ғимараттарын қайтару арқылы, сондай-ақ, мектеп жанынан шағын орталықтар ашып, жекеменшік балабақшаларға мемлекеттік тапсырыстар беру арқылы жүзеге асырылуда. 2013-2015 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес 4530 орындық 15 жаңа балабақша, 1950 орындық 9 бұрынғы балабақшалар ғимаратын қайтару, 450 орындық 6 мектеп жанынан шағын орталық ашу, 750 орындық 15 жекеменшік балабақша ашу және 6000 орынға мемлекеттік тапсырыспен жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарға балаларды орналастыру көзделіп отыр.
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан».
ШЫМКЕНТ.
Суретті түсірген Арман ӘБДІРАШҰЛЫ.