Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында Мемлекет басшысының 01.09.2020 жылғы халыққа арнаған Жолдауында айтылған тапсырмаларды іске асыру шаралары туралы айтып берді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлайды, - деп жазады Egemen.kz

Министрдің айтуынша, биыл жалпы астық жинау көлемі шамамен 18 млн тоннаны құрайды, бұл еліміздің ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда Жамбыл облысында дәнді дақылдарды жинау жұмыстары аяқталды, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында аяқталу сатысында. Шұғыл деректерге сәйкес, бүгінгі таңда республика бойынша барлығы 9,9 млн га дәнді және бұршақты дақылдар немесе олардың жалпы жинау алаңының 63% жиналды (ал өткен жылы осындай күні 5,1 млн га немесе 34% жиналды). Орташа өнімділік 11,7 ц/га болғанда 11,5 млн тонна астық бастырылды (2019 жылы – 5,8 млн тонна).
Сонымен қатар 2020-2021 маркетингтік жылға арналған экспорттық әлеует ұнды есепке алғанда шамамен 7 млн тоннаны құрайды, бұл ретте жаңа егіннің көлемі мен сапасына байланысты экспорт көлемін 7,5-8 млн тоннаға дейін ұлғайтуға болады. Осы жылдың экспорттық стратегиясы өткен жылғыдан өзгеше болмайды және дәстүрлі нарықтарда (Орталық Азия елдері (Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан), Ауғанстан және Иран) басым позициялардың сақталуымен сипатталады. Сондай-ақ қол жеткізілген уағдаластықтар аясында перспективалы бағытта – Қытайға экспорт қарқынын қолдау қажет.
2019 жылдың қорытындысы бойынша АӨК өнімдерінің экспорты әлемнің 67 еліне $3,2 млрд сомаға 14,4 млн тоннаны құрады, оның ішінде АӨК өнімдеріне ветеринарлық және фитосанитарлық карантиндік талаптарды ҚХР, ЕО, Парсы шығанағы елдерімен, Иранмен, Жапониямен, Үндістанмен келісу бойынша келіссөздер жүргізілуде. Еуропалық Одақпен қазақстандық бал, ет және сүт өнімдерін жеткізу бойынша ветеринарлық талаптарды келісу бойынша келіссөздер жүргізілуде (қазіргі уақытта балық және балық өнімдері ЕО-ға экспортталады).
"Қазіргі таңда біз бал өнімдері мен өңделген күнбағыс майын ЕО елдеріне экспорттауды ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ Жапонияға жылқы еті мен сиыр етін экспорттау көзделіп отыр, сонымен қатар Қытай елдеріне, Таяу Шығыс елдеріне де экспортты ұлғайтамыз. Егер бүгінгі таңда бізде 67 ел болса, жыл соңына қарай бұл санды 80-ге дейін көбейтеміз деп ойлаймын", деді С.Омаров.
Бүгінгі таңда ҚХР-мен АӨК өнімдерінің 19 түрін, соның ішінде бидай, зығыр тұқымдары, арпа, жоңышқа, жүгері, бидай кебегі және жем, рапс күнжарасы, бидай ұны, соя бұршақтары, балық және балық өнімдері, бал, жүн, сүт өнімдері, жылқы тұқымдас жануарлар, союға арналған жылқы тұқымдас жануарлар, сиыр еті, қой еті және шошқа етін экспорттау бойынша хаттамаларға қол қойылды. Сондай-ақ министр қазіргі таңда электрондық форматта жер беру бойынша заң жобасы әзірленіп жатқанын хабарлады. Бұл ретте, Жер комиссиясы алынып тасталады, қағазсыз қызмет көрсету енгізіледі, жер учаскелерін беруді коммуналдық қызметтермен келісу рәсімі автоматтандырылады.
Цифрландырудың арқасында жер телімдерін беру мерзімдері айтарлықтай қысқарады, мысалы, жер учаскесін тікелей беру бойынша жалпы мерзім 1 жылдан 30 күнге дейін қысқарады. Өз кезегінде коммерциялық мақсаттарға арналған жер учаскелері Қаржы министрлігінің (МемТізілім) электрондық сауда алаңы арқылы сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) беріледі. Кез келген ниет білдіруші азамат мемлекеттің жер учаскесін аукционға қатысу арқылы, оны жария картада таңдап ала алады. Бұл беру мерзімін 3 айдан 10 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді.
"АӨК-ті цифрландыру бойынша жоспарларымыз көп, бірақ мен үш негізгі мәселені атап өтейін. Біріншісі – жер қатынастарын цифрландыру. Заң жобасы қабылданғаннан кейін барлық жерлер электрондық форматта берілетін болады. Негізгі міндет – адам факторын, бюрократия мен сыбайлас жемқорлықты жою, сондай-ақ өтінімдерді қарау мерзімдерін қысқарту. Екіншісі – ауыл шаруашылығы өнімдерінің қадағалануы және үшіншісі – ауыл шаруашылығы өнімдерінің электрондық саудасы", деп атап өтті ауыл шаруашылығы министрі.
Өз кезегінде, элеваторлардың жұмысын цифрландыру олардың қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге және астықты ұрлау мен бүлдіру фактілерінің алдын алуға мүмкіндік беретіндігін атап өткен жөн. Бүгінгі таңда қолда бар ақпаратқа сәйкес республикада 40-қа жуық элеватор астықты автоматты тазалау, кептіру жүйелері, электрондық таразылар сияқты элементтермен технологиялық жарақтандырылған, сондай-ақ зиянкестердің залалдануын бақылау жүйесі орнатылған. Қоймалауды автоматты есепке алу жүйесі белсенді түрде енгізілуде.
"Елімізде астық қабылдау кәсіпорындары қызметінің ашықтығын арттыру жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Елімізде 2 жылдан астам уақыт электрондық астық қолхаттары жұмыс істеп келеді, олар элеваторларда астықты қосып тіркеуге қарсы енгізілді. Бұл жұмыс жалғасады. Қазіргі таңда 10-ға жуық АТ-компания өз бағдарламаларын әзірлеп жатыр. Біз солардың ішінен таңдаймыз. Бұл жерде цифрландыру астық қабылдау кәсіпорындарына қосымша қаржылық шығындар әкелетінін түсіну қажет, сондықтан бұл мәселені бизнеспен талқылау қажет", деп түйіндеді С.Омаров.
Ресейде Жамбыл Жабаевқа арналған кітап көрмесі ашылды
Әдебиет • Бүгін, 12:37
Вакцина салдырса ораза бұзыла ма?
Медицина • Бүгін, 12:35
Елімізде бір апта ішінде 3 295 қылмыс жасалды
Қоғам • Бүгін, 12:23
Қазақстанның барлық өңірінде жоғары инвестициялық белсенділік сақталып отыр - Әсет Ерғалиев
Экономика • Бүгін, 12:23
Алматыда уағыз-насихат жұмыстары онлайн өтеді
Аймақтар • Бүгін, 12:05
2021 жылдың I тоқсанында ел экономикасы тұрақты өсім көрсетті
Экономика • Бүгін, 11:27
Astana IT university: Білім сапасынан цифрлы трансформацияға
Білім • Бүгін, 11:25
А. Мамин вакциналау кестесінің орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 11:23
Қостанайға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұмыс тобы келді
ANTIKOR • Бүгін, 11:19
Қазақстанда эпидемиялық ахуал нашарлады
Коронавирус • Бүгін, 11:18
МӘМС: 2025 жылға қарай қымбат медициналық қызметтер қаржыландырылады
Медицина • Бүгін, 10:58
Мемлекет басшысының апталық жұмысына бейне шолу
Видео • Бүгін, 10:55
Бүгін - Қаныш Сәтбаевтың туғанына 122 жыл
Қоғам • Бүгін, 10:34
Nur Otan-ның бақылау комитеті жаңа құраммен толықты
Қоғам • Бүгін, 10:24
Қай қалаларда вакцина сауда орталықтарында салынып жатыр?
Медицина • Бүгін, 10:00
Шымкентте автобус жүргізушісі баланы қағып кетті
Аймақтар • Бүгін, 09:55
Биыл күзге дейін 10 миллионға жуық адам вакцина алады
Коронавирус • Бүгін, 09:50
Мүгедектер мен асыраушысынан айырылғандарға 97 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді
Қоғам • Бүгін, 09:34
Юлия Путинцева үздік теннисшілер қатарына кірді
Спорт • Бүгін, 09:26
12 cәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:25
Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:20
Коронавирус жұқтырған 569 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 09:06
608 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 08:57
Руханият • Бүгін, 08:52
Руханият • Бүгін, 08:50
Оқиға • Бүгін, 08:48
Сананы өзгертудің тиімді тетігі
Руханият • Бүгін, 08:36
Алматыда Азия чемпионаты өтеді
Спорт • Бүгін, 08:32
Тарихи жерлердің тағылымы бөлек
Руханият • Бүгін, 08:30
Докторантураға түсу ережелеріне өзгертулер енгізілді
Білім • Бүгін, 08:28
Теннис • Бүгін, 08:11
Аграрлық ғылымсыз алға баспаймыз
Ғылым • Бүгін, 08:09
Сәтбаев университетінің ертеңі
Ғылым • Бүгін, 08:06
Футбол • Бүгін, 08:06
Рухы биік ел ешқашан жеңілмейді
Руханият • Бүгін, 08:05
Әлия Оспанова: Қазақ ғалымдарына қолдау көрсетеміз
Ғылым • Бүгін, 08:04
Спорт • Бүгін, 08:04
«Керуенсарай» – ең ірі туристік кешен
Оқиға • Бүгін, 08:02
Ғылым • Бүгін, 08:01
Ел болып жұмылмасақ, еңсеруіміз екіталай міндет
Саясат • Бүгін, 07:59
Этносаяси сауаттылық әркімге қажет
Саясат • Бүгін, 07:53
Хромтауда үйде жарылыс болып, 7 адам зардап шекті
Аймақтар • Кеше
Батырмұрзаев алтын, Дәулетбеков қола алды
Күрес • Кеше
Қазақстан • Кеше
Музей қоры құнды картиналармен толықты
Өнер • Кеше
Ұлттық жаңғыруға жол ашқан бағдарлама
Қазақстан • Кеше
Аймақтар • Кеше
Өзгелерді тамсантсақ өнерменен
Өнер • Кеше
Руханият • Кеше
Ғылым мен «жасыл экономика» симбиозы
Ғылым • Кеше
Ғылым – қоғамды дамытудың қайнар көзі
Ғылым • Кеше
Қазақстан • Кеше
Азаттық үшін күрестің бір айғағы
Тарих • Кеше
Белгілі сәулетші Бақытжан Әшірбаев дүниеден өтті
Оқиға • Кеше
Үш мың литрден астам контрафактілік алькоголь тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты
Оқиға • Кеше
Құдалық өткізген мақтааралдық жауапқа тартыла ма?
Аймақтар • Кеше
Ақтөбедегі шошқа фермасының басшысы тергеуге алынды
Аймақтар • Кеше
Елорда әкімі азаматтарды қабылдады
Елорда • Кеше
11 сәуір – Бүкіләлемдік паркинсон дертімен күрес күні
Медицина • Кеше
Өскеменде әуе қатынасы бір айға тоқтатылады
Аймақтар • Кеше
Қарағанды облысында каналда балық аулауға тыйым салынады
Аймақтар • Кеше
Юсуп Батырмұрзаев Олимпиада жолдамасына иелік етті
Спорт • Кеше
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар