Биыл фармацевтика саласы айтарлықтай қиындықтарға тап болғаны белгілі. Фармацевтикалық кәсіптің алдына медициналық препараттар өндірісінің көлемін ұлғайту және дәрі-дәрмектерді импортты алмастыру курсын алу міндеті қойылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Әмір және Д" ЖШС базасында өткен кездесуге қатысушылар өңірдегі фармацевтика саласын дамытуға қатысты ойларын ортаға салды.
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өз сөзінде фармацевтика өнеркәсібі стратегиялық маңызы бар бағыттардың бірі болып қала беретіндігін атап өтті.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Жолдауында фармацевтика саласын аяққа тұрғызатын уақыт жеткенін баса айтты. Бес жергілікті компания дәрі-дәрмек өндірумен айналысады. Мемлекеттік қолдауды пайдалана отырып, фармацевтика нарығындағы жамбылдық препараттар үлесін арттыруға жағдай жасау қажет", деді аймақ басшысы.
Бүгінгі таңда фармбизнес мамандар мен инновациялық жобалардың тапшылығы салдарынан белгілі бір қиындықтарды бастан өткеруде. Таразда С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің филиалының ашылуы осы мәселелерді шешуге көмектеспек. Университет ректоры Талғат Нұрғожиннің айтуынша, университет алғашқылардың бірі болып Фармация мектебін ашқан.
"Мектеп – университеттің ажырамас бөліктерінің бірі. Оның негізінде жасалған ғылыми жобалар фармацевтика саласын жаңғырту және дамыту үшін белсенді қолданылады. Біз жергілікті фармацевтикалық компаниялармен ынтымақтастық орнатуға және ғылыми әзірлемелер бойынша бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз", деді Талғат Нұрғожин.
Сондай-ақ облыс әкімі әлемнің үздік тәжірибелеріне сүйенудің тиімділігін алға тартты. Оған тек отандық қана емес, шетелдік ғалымдар да тартылмақ. Кездесуге бейнебайланыс арқылы Лунд университетінің профессоры Кеннет Персон (Швеция) қатысты.
Ол Швецияның фармацевтика нарығындағы заманауи трендтер, жергілікті өндірушілердің рөлі туралы айтып берді. Швецияда ірі компаниялар ғылыми институттармен қатар жұмыс істейді. Олардың тәжірибесі жаңа компанияларға беріледі. Бұл байланысты орнатуға және қолдауға құрамына бизнес-тренерлер кіретін арнайы топ көмектеседі. Осылайша, Еуропа елінде фармацевтикалық компанияларды кез-келген қауіп-қатерден қорғауға көмектесетін жүйе қалыптасқан.
Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев бұл саланы дамыту үшін облыстың әлеуеті зор екендігін сеніммен айтты. Қазіргі таңда Қордай ауданында Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының жанынан вакцина өндіретін биофармацевтикалық зауыт салынуда. Жобалық қуаты биофармацевтикалық препараттардың 60 миллион дозасын өндіруге қауқарлы зауытта 65 жаңа жұмыс орны құрылмақ.
Осы саладағы ірі компаниялардың бірі "Әмір және Д" ЖШС де ірі жобаны қолға алуда. Компания директоры Қарлығаш Қаймолдаева сақтау қоймалары бар фармацевтикалық өндіріс кешенінің құрылысы туралы айтып берді. Онда Экспресс-тестілер мен медициналық бұйымдар шығарылатын болады. Жоспар бойынша оның құрылысы биыл аяқталуы тиіс. Жобаның жылдық қуаты – 15 миллион экспресс-тест, 1,5 миллион бақылау ерітіндісі және 50 мыңға жуық зарарсыздандыруға арналған орама.
Жаңа өндіріс кешенінде 200-ден астам жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
"SuperPharm" ЖШС де өндірісін кеңейтуді жоспарлап отыр. Серіктестік директоры Қайрат Қаймолдаевтың айтуынша, шығарылатын өнім түрлерінің саны артпақ.
Кездесу барысында Қарлығаш Қаймолдаева фармацевтика нарығындағы жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстарын ортаға салды. Бердібек Сапарбаев аталған мәселелердің барлығы республикалық деңгейде көтерілетініне сендірді.
"Бүгін біз фармацевтика өнеркәсібін дамыту үшін барлық алғышарттардың бар екеніне көз жеткіздік. Осы орайда "Қарапайым заттар экономикасы", "Бизнестің жол картасы – 2025" бағдарламаларын пайдалану керек. Дегенмен, бұл тұрғыдағы өзекті мәселелердің бірі – ешкім инновациялық жобаларды ұсынбайды. Фармацевтикалық кластердің дамуы жаңа технологияларды қолдану мен білікті кадрларды тәрбиелеуді көздейді. Шетелдік әріптестермен тәжірибе алмаса отырып, телемедицинаны дамытуға ден қойыңыздар", деп сөзін түйіндеді Бердібек Сапарбаев.
Кездесу қорытындысы бойынша облыс әкімі Жамбыл облысында фармацевтика өнеркәсібін дамыту бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.
Санкт-Петербургте Жамбыл Жабаевқа арналған кітап көрмесі ашылды
Руханият • Бүгін, 16:57
Орталық мемлекеттік архивке жаңа басшы келді
Тағайындау • Бүгін, 16:26
ІІМ Риддердегі бала өліміне байланысты үндеу жасады
Аймақтар • Бүгін, 16:20
«Нұр-Сұлтан – Теміртау» тас жолын су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 15:40
Шымкенттің төрінде «Егемен Қазақстан» көшесі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 15:19
Татьяна Ахметова Олимпиада жолдамасын иеленді
Күрес • Бүгін, 15:16
«Орталық Азия» халықаралық сауда орталығы құрылатын болды
Үкімет • Бүгін, 14:44
«Mega Silk Way» сауда орталығында індетке қарсы вакциналау басталды
Елорда • Бүгін, 14:16
Әзербайжанда «Қазақ әдебиеті апталығы» өтіп жатыр
Қазақстан • Бүгін, 13:40
Алтай Көлгінов елорданы велосипедпен аралап шықты
Елорда • Бүгін, 13:08
Президент Ханзада Филипптің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
Президент • Бүгін, 12:41
Республика бойынша 8 өңір қызыл аймақта тұр
Қазақстан • Бүгін, 12:13
Елордада Жоғарғы сот судьясы қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 12:06
Нұрсұлтан Тұрсынов Алматыдағы турнирдің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 11:25
Риддерде жоғалып кеткен 2 жасар баланың денесі табылды
Қоғам • Бүгін, 10:52
Аида Балаева журналистермен этносаяси сауаттылықты дамыту қажеттілігін талқылады
Қоғам • Бүгін, 10:48
Елордалық оқушылар IV тоқсанда қалай оқиды?
Білім • Бүгін, 10:17
Пневмониядан 1 науқас қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:56
Елімізде 1511 адам коронавирустан айықты
Коронавирус • Бүгін, 09:40
Қазақстанда бір күнде 2734 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:25
Шымкентте триатлоннан Қазақстан чемпионаты өтеді
Спорт • Кеше
ШҚО-да тұрғындар эвакуацияланды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда қанша микроқаржы ұйымы жұмыс істейтіні белгілі болды
Экономика • Кеше
Президент Атырау және Ақтөбе облыстары әкімдерінің есебін тыңдады
Президент • Кеше
Асқар Мамин «Роскосмос» басшысымен келіссөз өткізді
Үкімет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қостанай облысында жаппай вакцина егу басталады
Аймақтар • Кеше
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы қалай жүзеге асырылып жатыр?
Руханият • Кеше
Президент ғарыш саласының мамандарына ризашылығын білдірді
Президент • Кеше
Ұйғыр ауданының судьясы жемқорлық фактісімен күдікке ілінді
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында вегетациялық маусым қалай өтеді
Экология • Кеше
Алматыда тау баурайы отқа оранды
Аймақтар • Кеше
Қабдеш Жұмаділовтің соңғы сұхбаты эфирге шығады
Руханият • Кеше
Түркістан облысында 7 тойхананың жұмысы тоқтатылды
Аймақтар • Кеше
Әйелдер ипотекасы қашан іске қосылатыны белгілі болды
Экономика • Кеше
Қазақстандық вакцина қашан дайын болады?
Қазақстан • Кеше
Президент елдегі жолдардың сапасына қатысты сын айтты
Президент • Кеше
Батыс Қазақстанда өзен жағасынан малдың өлекселері табылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда карантин күшейтіле ме?
Коронавирус • Кеше
Қызылорда облысында заңсыз балық аулаудың екі дерегі анықталды
Аймақтар • Кеше
Коронавирус вакцинасы оразаны бұзбайды - Жанна Пірәлиева
Коронавирус • Кеше
Зейнетақыға үстемеақы қосылатыны рас па?
Қоғам • Кеше
Ақтөбеде 10 мыңға жуық адам вакцина қабылдады
Медицина • Кеше
Алтай Көлгінов жол қызметкерлерінің жұмысын сынға алды
Аймақтар • Кеше
Салымшылардың есепшотына 1,001 трлн теңге аударылды
Қоғам • Кеше
Нұрсұлтан Тұрсынов Токиоға барады
Спорт • Кеше
Сенатта ветеринария саласындағы мәселелер талқыланды
Парламент • Кеше
Жайылымдарды 100% сумен қамтитын жоба
Экология • Кеше
«NIS Space» ғарыш кемесін құрастырады
Технология • Кеше
Алик Шпекбаев Ашита Митталмен онлайн кездесу өткізді
ANTIKOR • Кеше
Ақтау-Жаңаөзен тасжолына әскери ұшақ қонды
Қоғам • Кеше
Семейде тұрғын үйде өрт шығып, бір адам қайтыс болды
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар