Экология • 08 Қыркүйек, 2020

Алдағы күндері еліміздің бірқатар аймағында үсік күтіледі

1053 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

"Қазгидромет" РМК Қазақстанның бірқатар облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды Egemen.kz.

 

 

Алдағы күндері еліміздің бірқатар аймағында үсік күтіледі

Қостанай облысының шығысында топырақ бетінде 1-3 градустық үсік күтіледі. Кей жерлерде түнде және таңертең тұманды болуы мүмкін.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады. Бұршақ жауып, оңтүстіктен соққан желдің кей жерлерде 15-20 м/с болуы ықтимал.

Орал қаласында 9 қыркүйек күндіз найзағай ойнап, екпіні 18 м/с болатын жел соғады. 9 қыркүйек түнде Нұр-Сұлтан қаласында топырақ бетінде 2 градустық үсік күтіледі.

Атырау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні – 15-20 м/с. Күндіз кей жерлерде өрт болу қаупі бар.

Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Ақмола облысының кей жерлерінде 1-3 градустық үсік күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Түркістан облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күн күркірейді, түнде тауларда жаңбыр мен қар жауады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз кей жерлерде солтүстік-батыстан, солтүстіктен екпіні 15-20 м/с болатын жел соғуы ықтимал.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі.

9-10 қыркүйекте түнде кей жерлерде 1-3 градус үсік сақталады.

9-10 қыркүйекте түнде Павлодар облысының кей жерлерінде тұман түсіп, 1-3 градустық үсік күтіледі.

8-9 қыркүйекте Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі күтіледі. 8-10 қыркүйекте түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, 1-3 градус үсік күтіледі.