Аймақтар • 09 Қыркүйек, 2020

Павлодарда жаңа футбол академиясы ашылды

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жоба "Ертіс" футбол клубының қаражатын үнемдеудің арқасында жүзеге асты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда жаңа футбол академиясы ашылды

Бүгінде Ертіс футбол орталығының орнына ашылған «Жұлдыз» футбол академиясында жаттығулар басталып кетті. Балалар коронавирус пандемиясы кезінде орын алған ұзақ үзілістен кейін жасыл алаңға шыққанына дән риза. Ал жабылып қалған футбол орталығының жаттықтырушылары толық құрамда «Жұлдызда» жұмысын жалғастыруға мүмкіндік алды.

"Бірінші кезекте облыс әкіміне алғыс білдіреміз", - дейді "Жұлдыз" футбол академиясының директоры Бауыржан Сағындық. – Академия облыс әкімінің тікелей бастамасымен құрылды. Барлық балалар мен жаттықтырушылар жаттығулардың басталғанына қуанышты. Академияның атын "Жұлдыз" деп алғанымыз – біріншіден, жаттығатын стадионымыздың аты осындай. Оған қоса, бұл ат біз болашақ футбол жұлдыздарын дайындайтынымызды көрсетеді.


P107071233.jpg

Бауыржан Сағындықтың айтуынша, қазіргі кезде бұрынғы "Ертіс" ФО штаты толығымен сақталды. Оған қоса, академияға "Ертістің" бас команда мен жастар құрамында жұмыс істеген жаттықтырушылар келіп қосылды. Техперсонал да жұмыстарын сақтап қалды.

"Бізде істейтін бапкерлердің бәрі – павлодарлықтар", - дейді Бауыржан Сағындық. – Барлығы өз біліктілігін дәлелдеген мамандар. Шәкірттерінің арасында алматылық "Қайрат", ресейлік клубтарда доп теуіп жүрген футболшылар бар. Сол жаттықтырушыларды сақтап қалу өте маңызды болды. 


P107072133.jpg

Академия директоры айтқандай, карантиндік жағдайда ұзақ уақыт доппен тілдеспеген балалардың физикалық халі ала-құла. Сол себепті оларға бірден жүк түсірмей, бірте-бірте жаттығу процесіне үйрету қолға алынуда.