Қазақстан • 09 Қыркүйек, 2020

Н.Ноғаев: Қазақстанның ішкі нарығы өзімізде өндірілген мұнай өнімдерімен толық қамтылған

19 рет көрсетілді

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында энергетика министрі Нұрлан Ноғаев 2020 жылдың қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша отын-энергетика саласындағы қазіргі жағдай туралы баяндады. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлайды.

2020 жылғы қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша мұнай және конденсат өндіру көлемі 58,3 млн тоннаға жетті, 2020 жылдың жоспары 85,2 млн тоннаны құрайды. Мұнай экспорты 47,3 млн тоннаны құрады, 2020 жылдың болжамы – 67,5 млн тонна.

Есепті кезеңде газ өндіру көлемі 37,7 млрд текше метрді құрады, 2020 жылдың жоспары – 56,5 млрд текше метр. Тауарлық газды ішкі тұтыну көлемі 10,2 млрд текше метрге жетті. 2020 жылдың жоспары – 16,5 млрд текше метр. Сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі 2,06 млн тоннаны құрады, соның ішінде 8 айдың қорытындысы бойынша 1,40 млн тонна ішкі нарықта пайдаланылды.

2020 жылдың жоспары – 3,2 млн тонна. Мұнай өнімдерін өндіру 2020 жылдың қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша 7,4 млн тоннаны құрады, соның ішінде:

автобензин өндіру – 2,87 млн тонна.

Дизель отынын өндіру – 3 млн тонна.

Авиаотын өндіру – 277 мың тонна.

Мазут өндіру – 1,3 млн тонна.

2020 жылға арналған мұнай өнімдерін өндіру жоспары 11,6 млн тонна.

Битум өндірісі 2020 жылдың қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша 675 мың тоннаға жетті, 2020 жылдың жоспары – 983 мың тонна.

"Бүгінгі таңда ішкі нарық өзімізде өндірілген мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз етілген", деді Н.Ноғаев. Мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру көлемі 262 мың тоннаға жетті, 2020 жылдың жоспары – 400 мың тонна. Есепті кезеңде 69,5 млрд кВт/сағат электр энергиясы өндірілді, 2020 жылдың жоспары – 105,2 млрд кВт/сағат. Бұл ретте Н. Ноғаев электр энергиясын өндіру тікелей энергия тұтыну көлеміне қатысты екендігін айтты.  Есепті кезеңде ірі апаттық жағдайлар тіркелген жоқ. Уран өндіру көлемі 13,5 мың тонна болды, 2020 жылдың жоспары 19,3 мың тоннаны құрайды.

"Негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу Энергетика министрлігінің тұрақты бақылауында", деп түйіндеді Н.Ноғаев.

Соңғы жаңалықтар

Іздеудегі 16 қылмыскер ұсталды

Аймақтар • Бүгін, 11:10

Бүкіләлемдік экологиялық акция

Экология • Бүгін, 07:56

Коронавирус қайта өршіді

Әлем • Бүгін, 07:42

Үрейге бой алдырмаған жөн

Аймақтар • Бүгін, 07:35

Ширек финалда жеңілді

Теннис • Бүгін, 07:30

Майданда шыңдалған достық

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 07:29

Әулиеағаш әлі ұзақ жасайды

Туризм • Бүгін, 07:12

Агротуризм адымдары

Туризм • Бүгін, 07:10

Түркиядағы Фарабилер

Таным • Бүгін, 07:03

Бір чемпионатта топ жарған ағайындылар

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 07:00

Куәлікті поштадан күтеді

Қоғам • Бүгін, 06:56

Асыл түбі – иманнан

Руханият • Бүгін, 06:55

Туристік хаб таныстырылды

Елбасы • Бүгін, 06:55

Қысқа дайындық қызған шақ

Аймақтар • Бүгін, 06:54

Ұқсас жаңалықтар