31 Қазан, 2013

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы №345

417 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

2013 жылғы 16 тамыз,     Астана қаласы

2013-2014 оқу жылына жоғары оқу  орындарының Қазақстан Республикасының  азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды және шетел азаматтарын  оқытуға мемлекеттік білім беру  тапсырысын орналастыру туралы

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2013-2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы Қазақстан Респуб­ликасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 мамырдағы № 500 қаулысын іске асыру мақсатында бұйырамын:
1. Қосымшаға сәйкес 2013-2014 оқу жылына жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды және шетел азаматтарын оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырыс орналастырылсын.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ф.Н. Жақыпова):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын;
3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсына орналастырсын.
3. Қаржы және инвестициялық жобалар департаменті (Т.А. Нұрғожаева) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қабылданған дайындық бөлімдері тындаушыларының контингентіне сәйкес жоғары оқу орындарын қаржыландыруды жүзеге асырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын..
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Министрдің  міндетін атқарушы         М. ОРЫНХАНОВ.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а.
2013 жылғы 16 тамыздағы  № 345 бұйрығына қосымша

2013-2014 оқу жылына жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды және шетел азаматтарын оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру
№    Жоғары оқу орнының атауы    Мемлекеттік білім беру тапсырмасының көлемі (орын)
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдары
1    әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті    100
2    Х.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті    200
3    С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті    140
4    Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік унивеситеті    140
5    Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті    70
6    М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті    150
7    М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті    250
8    Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті    50
9    Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты    150
10    Сырдария Унивеситеті    150
    Барлығы    1400
Ауғанстан Ислам Республикасының азаматтары
10    әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті    180
Тәжікстан Республикасының азаматтары
12    Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті    100
Қытай Халық Республикасының азаматтары
13    Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті    100
Түрік Республикасының және басқа түркітілдес республикалардың азаматтары
14    Х.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті    200


Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 17 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 8714 болып енгізілді.