Ұлан-байтақ Ұлы дала байырғы ұлыстың өз уысында қалды. Буалдыр-буалдыр бодандық тұманы айықты. Азаттықтың торсықтай алтын шекесі жарқырады. Сонда біз Алаштың алып даласы аяғымыздың астында дүр-дүр етіп сілкініп тұрғандай күй кештік. Жалын ұстағандай ысыдық, күйдік. Тасыдық – толдық, толқыдық – телегейлендік, жайылып жайқын тарттық. Көз алдымызда бабадан мирас байтақ Тұран даласы абадан ұлдың әлпеті сынды лап ете қалды, түлеп салды. Сөйтіп қайсар қазақ тағы да төрткілдеп ошақ қаздырып, төбел бие сойдырып, төріне сойын оздырды.

Тыныштық! Мың тәубе! Алағай да бұлағай алашапқын, бодандық бұлты жүзін тұмшалағанда болашақтың жанартауы болып атылып, Алатау сынды болмыстандық. Ұмсына-ұмсына төбеміз көк тіреді – биікпіз. Сол биікті сүйенеріміз етіп, әмсе маңдай тұсымызға қадап ғұмыр кешсек – бақ-тәлейіміз! Ал тау мен тауды сүйген, қадірлеген, әспеттеген қазақтың тәуелсіздігі сол – тыныштығы. Ол – қазақтың мұраты; үміт, арман, қуаты; аңқасы кепсе сарығын басар суаты. Әсте асырып айтпадық, асылық лепес етпедік. Сөзіміздің дәлелін ептеп дәйекті сөзге бұрып көрелік. Кезінде Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Тұғырымыз – тыныштық, тірегіміз – тұрақтылық, тілегіміз – татулық» деп парасатты пайым жасаған болатын.
Осындағы «Тұғырымыз – тыныштық» деген сөз ел дегенде, жер дегенде ебіл-себілі шығып, еңіреп туатын ердің ғана емес, әмәнда елдің де тілегі-тұғын. Ал сол ел тілегін орындау – тағы ердің ерлігі екені айтқысыз ақиқат. Мұны неге айтамыз? Себебі, бостандықпен қоса бір ұлы шешімнің құдіретімен тәуелсіз бәйтерек тәуелсіз топыраққа тәуелсіз тамыр жайды. Өркендеп өсті. Былай айтсақ түсінікті болар, сол байлам Семей болып аңыраған елдің жасын құрғатты, қайғысын орталатты.
Иә, бұл Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы шешім. Сосын да әспеттеп айтқымыз келеді, ардақтап айтқымыз келеді. Өйтпей көріңіз: сол тұста 2025 сынақтың қақ ортасында қасірет теңізіне батып-шығып қазақ жүрді. Соның нәтижесінде жеті атадан бері қыз алыспайтын тектілігімен қаны таза сақталған қазақ ауру-сырқауға, кемтар-кембағалдыққа душар болды. Өйткені, атомдық ядролық жарылыстар бүкіл бір аймақтың қоршаған ортасы мен табиғи гендік қорына, адамдардың геніне әсер ететін еді. Әрі мұны сол тұстың еңбектеген сәбиінен еңкейген кәрісіне дейін білді, бірақ қылар лаж жоқ-ты.
Осы ретте реті келгенде аз-кем ақпарат айта кетелік. Ресейдің ресми мәліметтері бойынша, атышулы Семей полигонында 500-ге жуық атом, сутегі бомбалары сыналып, олардың саны барлық сынақтардың 25 пайызын құраған. Ал қуаттылығы жағынан Хиросима мен Нагасакидегі жарылыстардан 40 мың есе асып түсіпті. Ол ол ма, сол кездегі белгілі оқымыстылар мен саясаттанушылардың, қоғам қайраткерлері мен ғалымдардың пікірлері бойынша ол уақыттағы Семейдегі экологиялық жағдай күрделі нүктесіне, ең жоғары деңгейіне жетіпті.
Міне, осындай қилы-қилы қиын-қыстау, тарғалаң-тарғыл күн кешсе де, қазақ халқы ертеңіне деген үмітін жоғалтпады. Ауырлығы мың батпан қайғы-қасіреттің қайырын күтті. Одан тағы кем-қор болмады. Тәуелсіздіктің алтын арайлы таңы атты. Ел еңсесі тіктеліп, іргесі бүтінделгесін арқасына батқан зілмауыр қайғының бұлты сейілді. Тәуелсіз мемлекетіміз ерікті түрде әлемдегі төртінші орында тұрған ядролық арсеналдан бас тартып, көлемі жағынан екінші орында тұрған Семей ядро-лық полигонын жапты. Бұл жалғыз Қазақ елі үшін ғана емес, әлем елдері үшін де бөркін аспанға атып қуанатын сүйіншілі, ақжолтай хабар болды.
Мұндайда ядролық қарудан бас тартуды ұлы шешім демей көріңіз, бүгінде сауыты сықырлап, ядролық қаруы үрей ішінде күннен-күнге шытынап-шытырлаған елдің бәрінің ұтқаны – соғыс, ұтылғаны – тыныштық. Ал құйқа-құйқаңды шымырлатар құқай-қуаты жағынан төртінші орында тұрған ядролық арсеналдан бас тартқан Қазақстанның ұтқаны – тыныштық!
Бұдан бөлек, Қазақстан ядролық қарудан бас тарту арқылы әлем сахнасындағы өз беделін биіктетті. Содан бастап бейбітшілікке үндейтін ұлы жиындардың, дүбірлі конференциялардың бірде-бірі Қазақстан тарапының қатысуынсыз өткен емес. Бұл аз десеңіз, Елбасымыздың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі жайлы да көп дүние айтуға болады. Сала маманда-рының айтуынша, Қазақстанның ядролық қару төңірегіндегі бұл мәлімдемесі ядролық қаруды әлі күнге сақтап отырған елдерге ой салып, одан бас тартуға үндейді.
Көрдіңіз бе, мұның барлығы ешкімнің де тыныштық атты алтын қазықтан ұзамағаны дұрыс екенін ұғындыра түседі. Мұны қазақ тағы «Ат айналып қазығын табады» деп түйеді. Осылайша, біз тәуелсіздік атты маңдайға басқан бағымыздың берекесін, тиянағын тыныштығымызбен бекіттік. Әрі тыныштық атты «ресурсты» тәуелсіз қазақ еліндей лайықты пайдалана алған ешбір ел жоқ-ау, сірә?! Лайым, осы қазынамыздан Хақтың өзі айырмағай!
Сабыржан Аққалықов бас жүлдені олжалады
Спорт • Бүгін, 22:48
Өрт сөндіруші өртеніп жатқан үйден ұйықтап жатқан адамды алып шықты
Аймақтар • Бүгін, 22:27
Елнұр Сүйінбай да финалда ұтылды
Спорт • Бүгін, 21:58
Ерболат Сабыр күміс медальді иеленді
Спорт • Бүгін, 21:29
Қазақстанда 8 авиакомпанияның қызметі тоқтатылды
Қоғам • Бүгін, 21:05
Санжар Ташкенбай әлем чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 20:46
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаянының тизерін жариялады
Қоғам • Бүгін, 20:15
«Ақылды ұрпақ» атты жас ғалымдар форумы өтті
Қоғам • Бүгін, 19:57
Ескекшілер Азия чемпионатына даярлануда
Спорт • Бүгін, 19:34
Алматыдағы МӘМС-те қанша адам сақтандырылмаған?
Медицина • Бүгін, 19:10
Қазақстанда еңбек мигранттарының табысынан зейнетақы жарналары есептеле бастады
Қоғам • Бүгін, 18:59
Шығыс Қазақстан халқы қас батырын еске алды
Аймақтар • Бүгін, 18:43
Нұрсұлтан Назарбаев Әсет Исекешевті қабылдады
Елбасы • Бүгін, 18:35
«ҚазАвтожолдың» жаңа басшысы бұрын сотталған болып шықты
Оқиға • Бүгін, 18:28
Дзюдошылар Алматы облысында жаттығуда
Спорт • Бүгін, 18:22
Қоғам • Бүгін, 18:07
«Bi Global-дың» жоба жетекшісі 53 млн теңге айыппұл төлейді
Елорда • Бүгін, 17:31
Аида Балаева халық алдында есеп береді
Қоғам • Бүгін, 17:26
Түркістан облысында бетон шығаратын зауыттың іргетасы қаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:15
«Новая волна-2021»: Қазақстан атынан кім өнер көрсетеді?
• Бүгін, 17:00
Бас мүфти жетім балаларға жәрдемдесті
Қоғам • Бүгін, 17:00
Сенат Төрағасы Ресей Елшісімен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 16:39
Президент отандық вакцина өндірісін арттыруды тапсырды
Президент • Бүгін, 16:37
Пара алған шенеунік 72 млн теңге айыппұл төлемек
Қоғам • Бүгін, 16:35
Атырауда жолаушылар автобусы аударылды
Аймақтар • Бүгін, 16:26
Ұлыбритания Қытайдан «Шыңжаңдағы геноцидті» тоқтатуды талап етті
Әлем • Бүгін, 16:14
БҚО-да мәслихат депутаты коронавирустан қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 16:01
Спутник-V мен Qaz-Vac вакцинасы ауруды қоздыра алмайды – Манар Смағұл
Коронавирус • Бүгін, 15:41
Қазақстан құрамасы Косовомен жолдастық матч өткізеді
Футбол • Бүгін, 15:38
Тұтынушыны ұрып өлтірген дәмхана иесі сотталды
Аймақтар • Бүгін, 15:32
Алматыда жүк көлігі мен автобус соқтығысты
Оқиға • Бүгін, 15:30
Жеті боксшымыз жартылай финалда жұдырықтасады
Спорт • Бүгін, 15:21
Елімізде қашан күн жылынатыны айтылды
Ауа райы • Бүгін, 15:09
Дулыға Ақмолда: Менің ешкімге ұқсағым келмейді
Өнер • Бүгін, 15:00
Қоғам • Бүгін, 15:00
Сенаторлар агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелерін талқылады
Парламент • Бүгін, 14:48
Нұр-Сұлтанда тағы бір аула клубы ашылды
Елорда • Бүгін, 14:29
Аралда есірткіні заңсыз тасымалдағандар жазаларын қоғамдық жұмыс арқылы өтеуде
Аймақтар • Бүгін, 14:09
Жүзушілеріміз Беларусь елінде қос күміс алды
Спорт • Бүгін, 13:42
Nur Otan-да ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерейтойына дайындық барысы талқыланды
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы • Бүгін, 13:27
Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 13:04
Ақмола облысы «қызыл аймаққа» қайта енді
Аймақтар • Бүгін, 13:00
Мемлекеттік хатшы: Фермерлер өткізу нарықтарына делдалсыз шыға алатын болуы тиіс
Үкімет • Бүгін, 13:00
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясында тағы бір кадрлық тағайындау болды
Тағайындау • Бүгін, 12:45
Алматыда тағы бір сауда орталығына жарылғыш зат қойылды
• Бүгін, 12:43
Мергендер Италияда сайысқа түседі
Спорт • Бүгін, 12:36
Экономика • Бүгін, 12:30
«Ashyq» қосымшасына тіркелген нысандар демалыс күндері де жұмыс істейді
Елорда • Бүгін, 12:13
ЕҰУ мен Оңтүстік Калифорния университетінің профессорлары бірлескен конференция өткізді
Қазақстан • Бүгін, 12:10
Алматылық санитарлар бюджеттен қаржы жымқырған
Аймақтар • Бүгін, 12:00
Кибералаяқтар СҚО тұрғынын 2 миллион теңгеге алдады
Аймақтар • Бүгін, 11:50
Алматыдағы сауда үйлердің біріне жарылғыш зат қойылған
Аймақтар • Бүгін, 11:45
Нұрлан Нығматулин: Салық заңнамасын жетілдіру Мәжілістің басты назарында
Қазақстан • Бүгін, 11:38
Елордада карантин талабын сақтамаған 734 мекеме анықталды
Елорда • Бүгін, 11:30
Ла-Суфриер жанартауы атқылап жатыр
Әлем • Бүгін, 11:29
Билік өкілін қорлаған азамат қоғамдық жұмысқа жегілді
Қоғам • Бүгін, 11:24
АҚШ Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын қолдайды
Қазақстан • Бүгін, 11:18
Президент отандық вакцинаны әзірлеген ғалымдарға алғыс білдірді
Президент • Бүгін, 11:15
Қазақстанда телерадиохабар тарату уақытша тоқтатылады
Қазақстан • Бүгін, 11:09
Биыл мүгедектігі бар 5,4 мың адам жұмысқа орналасты
Қоғам • Бүгін, 10:57
Есіл өзенінен ер адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:52
23 cәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:46
Бұрымдыларымызға бас жүлде бұйырмады
Спорт • Бүгін, 10:31
130-ға жуық босқын Жерорта теңізіне батып кетті
Әлем • Бүгін, 10:30
Семей қаласының әкімі қанша жалақы алатынын айтты
Қоғам • Бүгін, 10:09
Шиелі ауданының 42 жастағы тұрғыны алғаш рет төлқұжат алды
Қоғам • Бүгін, 09:55
Елордада жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады
Қоғам • Бүгін, 09:53
Ұқсас жаңалықтар