Жылына жалпы алғанда Алматы қалалық жеделшұғыл көмек көрсету ауруханасының травматология бөлімшесінде 1500-ға жуық әртүрлі ота жасалып жатады. Ажалмен арпалысқан хирургтер небір күрделі сәттерді басынан кешіресе де, 102 жасында ота жасатуға келісім берген өмірге құштар Анна әжейді оқиғасы бөлек. Мәселен, мұндағы дәрігерлеркарантин кезеңінде күрделі қорғаныс шараларынақарамастан ота жасауды жалғастырды.
Ғасырдан да ұзақ жасаған Анна Назаровна Шестопалова ауруханаға сан сүйегінің күрделісубвертикальды сынығымен түскен. Білікті травматологтар кейуананың жасына қарамастан, отажасауды жөн көріп, бұл шешім сәтімен аяқталды.Отадан кейін-ақ, келесі күні Анна апамыз аяғынантік тұрды.
"Бізде мұндай жастағын ауқастар болған жоқ, бірнеше жыл бұрын біз 96 жастағы зейнеткерге отажасағанедік, қазір ол 103 жаста әрі денсаулығыжақсы Анна әжей де отадан кейін жақындарынқуантады деп үміттенеміз. Науқастың көңіл-күйіжақсы, әлі де тың", – дейді травматология бөлімшесінің меңгерушісі Владимир Семёнов.
Әдетте мұндай оталар науқастың жасынабайланысты бойындағы басқа ауруларымен қиындайтүседі, - деп жалғастырды травматолог Ахмед Даврешов, - Ота жасау алдында біз анализдердібақылап, науқасты дайындап, өз рұқсатын алдық. Бәрі ойдағыдай өтті, егер біздің көмегіміз болмаса, ол кісі төсек тартып жатып қалар еді. Отаның өзі бар-жоғы 35 минутқа созылды.
Анна Назаровна өмір бойы бастауыш мектептемұғалім болып жұмыс істеген, содан кейін Алматы облысында балабақша ашып, ауылдық округтің депутаты, халық сотының кеңесшісі болыпты. Оныңүш қызы, бес немересі мен жеті шөбересі бар.
"Мен ота жасатудан қорықпадым", – дейді кейуана,
– Менің ұзақ өмір жасауымның сыры – әрдайым мейірімді, ешкіммен жанжалдаспай, барлығына тек жақсылық тілеп, бәрін жақсы көрдім, дұрыс тамақтанып, таза ауада көбірек уақыт өткізукерек және салауатты өмір салтын ұстану қажет.
АЛМАТЫ