Бұған дейін қалаға ӨЖЖ аппараттары, пульсоксиметрлер және оттегі концентраторлары бар гуманитарлық жүк келген болатын.
Бұл көмек "Самұрық-Қазына" АҚ мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум аясында көрсетілді. "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобы қайырымдылығының бірыңғай операторы – "Samruk-Kazyna Trust" Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қажетті жабдықтарды сатып алып, оларды өңірлерге жіберді.
Осылай Алматыға 5 өкпені жасанды желдету аппараты (ӨЖЖ), 10 оттегі концентраторы, 80 пульсоксиметр жеткізілді. Сондай-ақ, облысқа Shevrolet Damas маркалы 4 жедел жәрдем көлігі келді.
"Біз "Самұрық-Қазына" компаниялар тобына көрсеткен көмегі үшін ризамыз. Отандық медицина алғаш рет осындай үлкен қауіппен бетпе-бет келді. тап болды. Елімізде коронавируспен күресте алдыңғы қатарда тұрғандарды қолдауға дайын көптеген азаматтардың бар екеніне өте қуаныштымыз. Біздің ынтымақтастығымыз алдағы уақытта да жалғаса береді және ортақ күш-жігермен біз жақын арада қалыпты өмірге орала аламыз деп үміттенеміз", – дейді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров.
Айта кетейік, мұндай жиынтықтарды әрбір облыс, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалалар алады.
"Бұл шаралардың барлығы біздің медицинамыздың жұқпалы аурулармен, соның ішінде COVID-19 коронавирустық инфекциямен күресуге дайындық деңгейін арттыруға және ұлттық денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға бағытталған", – дейді "Samruk-Kazyna Trust" Қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев.
Және Меморандум аясында республика бойынша Денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастыруға 100 жедел жәрдем көлігі, 1 000 оттегі концентраторы, 50 ӨЖЖ аппараты, 1 000 пульсоксиметр жеткізілетін болады.
АЛМАТЫ