Коронавирус • 10 Қыркүйек, 2020

Алексей Цой коронавирустың екінші толқыны қашан болатынын айтты

7569 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны қашан болжанатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алексей Цой коронавирустың екінші толқыны қашан болатынын айтты

"Біз қазіргі жағдайға тек болжам жасап бағасын айта аламыз. Әр күннің көрсеткіштері әртүрлі болғандықтан, алдағы екі аптаны ғана болжап отырмыз. Бұл маска тағатын, қашықтық сақтап, карантин талаптарын орындайтын адамдардың әрекетіне тікелей байланысты екенін айтқым келеді. Сырқаттану жағдайларын болжау үшін біз азаматтардың аталған мәселелерге қаншалықты көңіл бөлетінін түсінуіміз керек", деді еліміздің бас дәрігері. 

Сондай-ақ, министр қараша-желтоқсан айларында ауру саны өсуі мүмкін екенін айтты. 

"Бұл екінші толқынның болжамды уақыты. Жағдай елімізде осы кездерде жиі таралатын тұмау вирустарына да байланысты", деді ол.