01 Қараша, 2013

Мемлекеттік қызмет: қолжетімді ме?

370 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Сіз не дейсіз?

Мемлекеттік қызмет сала­сындағы соңғы уақыттағы өз­геріс­тер талап пен талғамды да күшейтті. Ел іші мұның түпкі қайтарымына сенімді. Сондай-ақ, бұл қадам халық қызметшісінің мәртебесін өсірумен қатар, осынау абыройлы саптың қатарына үміт­керлердің ынтасын арттыра түскендей ахуал байқалады. Жуырдағы ауыл әкімдерінің сай­ланып қойылуы да жұрт­шы­­лық көңілінен шығып отыр деуіміз керек. Ендеше, мем­лекеттік қызметтің сапа­лық көрсеткішіне оң ықпал жасайтын мүмкіндіктер шең­бері кеңейе түспек. Демек, мемлекеттік қызмет қан­шалықты қолжетімді де­ген сұрақ баршаны толған­ды­ратыны анық.

«Егемен Қазақстан» газетінің Ақмола облысы бойынша тілшісі Бақберген Амалбек облыстық Тәртіптік кеңес төрағасы, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент басшысы Қанат Әлібековке:

– Сіз бұған не дейсіз?

–Алдымен мынадай деректермен таныстырайын.­ Бүгінгі күні облыстың 704 мем­лекеттік органында 6133 лауазымды мемлекеттік қыз­мет­кер тіркелген. Олардың орташа жасы 40-тың маңайында. Мемлекеттік қызметкерлердің 83 пайызы жоғары білімді бол­са, 59 пайызын әйел азамат­шалар құрайды. Биыл мем­ле­кеттік қызмет лауазым­дар­ы­­ның реестріне өзгерістер ен­гізілгенін білесіз. Аталған са­ладағы саяси және әкімшілік қызметкерлерінің аражігі айқындалды.

Жоғарыда өзіңіз айтып өт­кендей, талап күшейген сайын оған қызығушылық та арта түседі. Бірақ, қызығушылықтың астарында нәтиже жатуға тиісті. Қолжетімділікті осы мағынада түсінген дұрыс деп білемін. Яғни, бұл орайда республикалық агенттік тарапынан жеңілдік емес, қолайлы жағдайлар қарастырылып отыр деп түсіну керек. Бұдан былай үміткер кезекті конкурстың жариялануын тосып отырмай-ақ, өзіне ыңғайлы кез келген уақытта мемлекеттік қызмет органына келіп, тест тапсыра алады. «Б» корпусының кандидаттары үшін бекітілген бағдарлама бойынша араға үш ай салып, қайтадан тесттен өту тәртібі сақталған. Сондай-ақ, сәйкес бағдарлама нәтижелері бір жыл көлемінде күшін жоймайды. Сертификатқа ие болған азаматтар мемлекеттік қызмет органдары жариялаған лауазымды бос орындар конкурсына қатысуға құқылы. Яғни, конкурс өткізу мерзімдері айтарлықтай қысқарып отыр.

Біздің облысымызда да белсенділіктің артқандығы байқалады. Мәселен, жаңа талаптар енгізілген мерзімде 547 адам тест сынақтарына қатысты. Нәтиже соншалықты жоғары демесек те, алдағы уақытта санның сапаға жол ашатынына сенуге болады.

Ақмола облысы.

Соңғы жаңалықтар