01 Қараша, 2013

Радионуклидтер қалай тексеріледі?

643 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ұлттық ядролық орталығы бұрынғы полигон аумағында ферма ашып қойыпты. Фермада тауықтар, мал түрлері өсірілуде. ҰЯО-ның бас директоры Ерлан Батырбековтің түсіндіруінше, бұл арнайы тәжірибе алаңы. «Бие, сиыр сүті, еті мен құс жұмырт­­­­қа­ларының барлығы радиацияға тексеріледі. Оларға полигонда тікелей өсіріліп алынған жем­шөп­тер азық ретінде беріледі.

ҚР Ұлттық ядролық орталығы бұрынғы полигон аумағында ферма ашып қойыпты. Фермада тауықтар, мал түрлері өсірілуде. ҰЯО-ның бас директоры Ерлан Батырбековтің түсіндіруінше, бұл арнайы тәжірибе алаңы. «Бие, сиыр сүті, еті мен құс жұмырт­­­­қа­ларының барлығы радиацияға тексеріледі. Оларға полигонда тікелей өсіріліп алынған жем­шөп­тер азық ретінде беріледі.Жеті жыл бойы бүге-шігесіне дейін тексе­ріп, қарап отырмыз», дейді ҰЯО-ның еншілес кәсіпорны-радиа­циялық қауіпсіздік және экология институтының директоры С.Лукашенко.

Аталған мал, құс өнімдерінде радионуклид қауіпті деңгейден өте аз мөлшерде. Ғалымдардың қожалықтарында 50 тауық бар. Олардың әрқайсысы күніне бір жұмыртқа табады екен. Жұ­мыртқалар бірден тіркеліп, сосын зерттелуге жіберіледі. Жұмырт­­­қалардан да төніп тұрған қауіп жоқ. «Ферма Курчатовтан 60 ша­қырымда, айдалада орналасқан­дықтан ол жерге электр қуаты мен су керек, оларды үнемі жеткізумен айналысамыз, ал бұл оңай шаруа емес», – дейді Сергей Лукашенко.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.

СЕМЕЙ.

Соңғы жаңалықтар