01 Қараша, 2013

Үржардың шұжығы

400 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алматы, Астана, Өскемен мен Семей қалаларының дүкендерінде саудаланады

Ауылдағы шұжық зауы­тының атақ-даңқы бұл күндері көпшілікке жақсы таныс. Үржардың шұжығын қазір еліміздегі бірнеше қалалар мен облыс орталығының тұрғындары іздеп жүріп сатып алады десек, артық айтқандық емес. Себебі, бағасы жұрт қалтасы көтерерліктей, оның үстіне дәмі тіл үйіреді.

Алматы, Астана, Өскемен мен Семей қалаларының дүкендерінде саудаланады

Ауылдағы шұжық зауы­тының атақ-даңқы бұл күндері көпшілікке жақсы таныс. Үржардың шұжығын қазір еліміздегі бірнеше қалалар мен облыс орталығының тұрғындары іздеп жүріп сатып алады десек, артық айтқандық емес. Себебі, бағасы жұрт қалтасы көтерерліктей, оның үстіне дәмі тіл үйіреді.

– «Шваб шұжығы» жауап­кершілігі шектеулі серіктестігі 1995 жылы құрылған. Қазір мұнда 80 адам жұмыс істеп, тағамдардың 60-тан астам түрін шығарып жатыр. Мәселен, «Алакөл», «Мұсылман», «Аң­шылық» жартылай ысталған шұжықтың бір килограмы 800-1200 теңге тұрады. «Док­торлық» шұжықтың бір кил­о­грамы 860 теңге ғана. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында ауылшаруашылық өнімдерін шығаруда тың ізденістер болуы қажеттігі атап көрсетілген. Жақында ғана сүт өнімдерінен құрт, ірімшік, басқа да тағамдарды шығарып, Өскемендегі ауыл­шаруашылық жәрмеңкесіне апарғанымызда, тұтынушылар пышақ үстінен талап әкетті. Үржарда 56 мектеп бар, сауда орындары жүздеп саналады, олар нан-тоқаш тағамдарына тапсырыс беріп жататын. Жақында ғана «Тәтті-дәмді» серіктестігін құрдық, онда 15 адам жұмыс істемек, бұрын тәтті тоқаштар мен тортты Алматыдан тасысақ, енді Үржарда шығаратын бол­­дық, –­ деп серіктестіктің бас­шысы Сайлаубек Нұрсиленов кәсіпорынның тыныс-тірші­лігімен таныстырып өтті.

Кең цех ішін аралап жүрміз. Технолог Айгүл Шоқанаева мұнда ұзақ жылдан бері еңбек етеді екен. Кәсіпорынның іші таза, қаз-қатар тұрған қыз-келін­шектер шұжық тағамдарын жасау­да. Тағы бір жаңалық, серік­тестік 50 миллион теңгеге арнайы қон­дырғы сатып алып, «Халал» шұжықтарын шығаруды игеріпті. 30 миллион теңге несие алып, кәсіпорынның қондырғыларын өзгерткен. Айгүл Кәкенқызының айтуынша, күніне үш тоннаға жуық шұжық шығарылады екен. Жыл басынан бері серіктестік 171 тонна шұжық өндірген. Ал мал жақын маңдағы ауылдардан сатып алынады екен.

– «Шваб шұжығы» серік­тес­тігінің басшылары үнемі із­деністе жүреді, қандай бір жаңа­лықтарға жаны құмар. Шұжық шығару бар да, оны тұтынушыларға сату оңай шаруа емес. Жақында кәсіпорын басшысы Сайлаубек Күсетайұлы маған жолығып, Өскеменде жаңадан ашылған фермерлер орталығынан орын алып, өз өнімдерін сату жөнінде ұсынысын айтты. Бұдан былай, облыс орталығының тұрғындары кәсіпорын бағасымен сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Бал құятын қорапшалар да жасалып, Үржардың ағзаға пайдалы тәтті дәмін шығара бастады. Оған да сұраныс жоғары, – деп аудан әкімі Серік Зайнулдин кәсіпорын құлашының кеңге жая бастағанын аңғартты.

Үржардағы шұжық кәсіпор­ны алдағы уақытта да өз тағам­дарымен көпшілікті қуанта бермек.

Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Шығыс Қазақстан облысы,

Үржар ауданы.

Соңғы жаңалықтар

Egov Chatgpt сияқты жұмыс істейді

Технология • Кеше