Қазақстан әйелдері бүгінгі күнде біздің қоғамдағы барлық салаларда белсенді еңбек етуде. Олар агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына да үлкен үлес қосуда.
Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК саласындағы гендерлік теңдік мәселелеріне үлкен көңіл бөледі.
Министрліктің орталық аппаратында әйел қызметкерлердің үлесі 50 пайызды құрайды. Солардың ішінде 2-еуі басшылық қызмет атқарады. Атап айтқанда, 2012 жылы Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып Исаева Гүлмира Сұлтанбайқызы тағайындалды.
Қазақстан әйелдері бүгінгі күнде біздің қоғамдағы барлық салаларда белсенді еңбек етуде. Олар агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына да үлкен үлес қосуда.
Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК саласындағы гендерлік теңдік мәселелеріне үлкен көңіл бөледі.
Министрліктің орталық аппаратында әйел қызметкерлердің үлесі 50 пайызды құрайды. Солардың ішінде 2-еуі басшылық қызмет атқарады. Атап айтқанда, 2012 жылы Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып Исаева Гүлмира Сұлтанбайқызы тағайындалды.
Министрлік ведомстволары мен олардың аумақтық мекемелерінде 1156 әйел қызметкер жұмыс істейді. Оның 49-ы басшылық қызметте.
Аграрлық ғылым жүйесіндегі (АҚ «ҚазАгроИнновация») әйел ғылыми қызметкерлердің үлесі 41,4 пайызға (566 адам) дейін жетіп отырса, оның ішінде 22-сі ғылым докторы, 182 әйелдің ғылым кандидаты атағы бар.
Ауыл шаруашылығы саласындағы әйелдер кәсіпкерлігін дамытудың басым бағыттарына ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, қайта өңдеу және сақтау, киім, тоқыма бұйымдарының өндірісі, қызмет көрсету саласы, ветеринариялық қызмет көрсету және басқалар жатады. Ауылдық аймақтарда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және қолдау ісіне гендерлік саясат аясында ерекше көңіл бөлінеді. Ауыл әйелдері әртүрлі, соның ішінде мемлекеттік көздерден қаржы құралдарын алуда ер адамдар мен тең мүмкіндіктерді пайдалана алады, кейбір жағдайларда оларға басымдық та беріледі.
Әйелдердің кәсіпкерлігін дамытуды қаржылай қолдаудың түрлерінің бірі «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ компаниялар тобының іске асыратын бағдарламалары болып табылады. Микроқаржы шағын бизнесті дамытудың, ауылдық аймақтарда кедейлік деңгейін қысқартудың басты құралы болып табылады. Көптеген ауылдықтарға жеңілдікті шағын несиелер беріледі. Осы мүмкіндікті пайдаланып отырған әйелдер көптеп кездеседі.
Холдинг іске асыратын бағдарламалар бойынша несиелеу шарттары елдің басқа қаржы институттарымен салыстырғанда кәсіпкерлер үшін аса тиімді болып табылады және олар жынысына қарамай тең жағдайда беріледі. Холдингтің еншілес ұйымдары беретін несиелердің құны екінші деңгейлі банктердің беретін несиелерінің құнынан едәуір төмен. Оның үстіне ЕДБ қабылдамайтын өтімділігі төмен кепілдіктер де қабылданады.
2012 жылы Холдингтегі компаниялар әйелдерге 38,6 млрд. теңгенің 1 864 несиесін бөлді, соның ішінде:
«ҚазАгроҚаржы» АҚ – 28 632,0 млн. теңге сомасындағы 324 несие;
«Аграрлық кредиттік корпорациясы» АҚ – 7 817,6 млн. теңге сомасындағы 60 несие;
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ – 2 116,6 млн. теңге сомасындағы 1 480 несие бөлді.
Осының нәтижесінде әйелдер кәсіпкерлігінің белсенді бола түскені байқалып отыр. Мәселен оларға 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында 43,6 млрд. теңге сомасында 3 313 несие берілді. Бұл 2012 жылдың көрсеткішінен 1,8 есе көп.
Бұдан өзге, гендерлік теңдікті қолдау мақсатында 2012 жылдың аяғында «Сәтті» бағдарламасын жүзеге асыру басталды.
2012 жылы ауылдық ақпараттық-кеңес орталықтарына және «Қазагромаркетинг» АҚ жергілікті өкілдіктеріне АӨК субъектілерінің тікелей үндеуі арқасында әйелдерге 1 821 кеңес көрсетілсе, 2013 жылдың жартыжылында ғана 1 260 кеңес көрсетілді.
Республика аймақтарында кәсіпкерлікті ынталандыру мақсатында «Шағын және орта бизнес жетістіктері» атты байқау өткізіледі. Онда «Ең үздік кәсіпкер әйел» аталымы қарастырылған. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысындағы «Ең үздік кәсіпкер әйел» аталымына 2012 жылы 27 қыз-келіншек қатысса, байқау қорытындысы бойынша олардың 8-і түрлі марапатқа ие болды.
Арман Евниев,
Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы.