Елорда • 11 Қыркүйек, 2020

Өндіріс көшесі 12 және 13 қыркүйекте жартылай жабылады

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда тұрғындары мен қонақтары өз бағдарын алдын ала жоспарлауы керек, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Өндіріс көшесі 12 және 13 қыркүйекте жартылай жабылады

Орташа жөндеу аясында Өндіріс көшесінде Өзен көшесінен Солтүстік айналма жолға дейінгі учаскеде жол құрылысы жүргізілуде. Осыған байланысты 12-13 қыркүйек аралығында көлік қозғалысы толығымен жабылады.

"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін өз маршрутын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз", деп атап өтті қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.