01 Қараша, 2013

Полиция пәрмені артады

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Полиция пәрменін арттырудың бір жолы әуелгі кезекте оларды техникамен, қажетті құрал- жабдықтармен қамтамасыз ету. Сосын мемлекет тарапынан бөлінген қаражаттың өтеуі ретінде олардың елге адал қызмет етуін талап ету болады.

Полиция пәрменін арттырудың бір жолы әуелгі кезекте оларды техникамен, қажетті құрал- жабдықтармен қамтамасыз ету. Сосын мемлекет тарапынан бөлінген қаражаттың өтеуі ретінде олардың елге адал қызмет етуін талап ету болады.

Сондықтан Алматы об­лысының әкімі Аңсар Мұса­ханов жетісулық полицейлерге заман талабына сай темір тұлпарлар кілтін табыстап тұрып: «Елбасы құқық қорғау органдарын қаржыландыру, олардың материалдық-тех­никалық базасын нығайту мәселесіне ерекше көңіл бөліп, нақты тапсырмалар берген болатын. Осы міндетті дер кезінде жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен 4 млрд.теңгеге жуық қаражат бөлінді. Соның ішінде қызметтік автокөлікпен қамтуға 1,8 млрд. теңге жұмсалды. Қалыптасқан дәстүрге сәйкес, полицейлерге қажетті құралдармен жабдықталған 87 автокөліктің кілтін тапсырамыз. Темір тұлпарлар полицейлерге қоғам тыныштығын сақтау ісінде көмекші болып, қылмысқа қарсы күресті бұрынғыдан да күшейтіп, облыс тұрғындарының тыныштығын қамтамасыз ету міндетін абыроймен атқарады деп сенемін», деді.

Қорыта айтқанда, бұл күні SsangYongKyron, УАЗ-Патриот және ЗАЗ-Шанс маркалы автокөліктер кілтін алып, қызметкерлерінің атынан облыстың бас полицейі қоғамдық тәртіп пен аза­мат­тардың қауіпсіздігін қам­тамасыз етуге сенім білдірді.

Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Алматы облысы.

Соңғы жаңалықтар