"Қазақстанда қоғам өкілдері онлайн-петиция институтын заңнамалық тұрғыда бекіту бастамасын бұған дейін бірнеше рет көтерген болатын. Елімізде ол институт жұмысын бастау үшін онлайн-петициялар бойынша платформаны әзірлеу керек. Бірақ ең бастысы қажетті нормативті-құқықтық база болуы тиіс. Осыған байланысты қазіргі уақытта біз заңнамаға енгізілетін түзетулер пакетін әзірлеудеміз", деді Аида Балаева Президенттік жастар кадрлық резервіндегі азаматтармен кездесу барысында.
Министрдің айтуынша ең алдымен петиция дегеннің не екенін алдымен түсіндіріп алу керек.
"Екіншіден петиция жіберу, мемлекеттік органдардың петицияларды модерациялау мен қарау тәртібін реттеген абзал. Үшіншіден мемлекеттік органдардың петицияны міндетті түрде қарауы үшін қанша адам оған қол қоюуы керектігін айқындап алған жөн", деді Аида Балаева.
Еске сала кетсек бүгін елордада Президенттік кадрлық резервтегі жастар бірқатар министрмен кездесу өткізді. Нақтырақ айтқанда іріктеліп, резервке енген жастармен кездесуге Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Цифрлық даму, инновациялар мен аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Мәлік Мырзалин, сондай Президенттің көмекшісі Ерлан Қарин шақырылған. Басқосудың басты мақсаты – Президент Жолдауын талқылап, алдағы уақытта Президенттік жастар кадрлық резервін дамытып, жүзеге асыруды жоспарлау.