Президент Бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі агенттікті құруға шын мәнінде өткір қажеттілікті байқап отырғанын аңғартты. Экономикалық зерттеулер институты бәсекелестік мәселелері бойынша өзінің зерттеулері мен талдамалық жазбаларында монополияға қарсы органға елдің бірінші басшысына тікелей бағынатын құқық қорғау органы мәртебесін беру туралы мәселені бірнеше рет көтерді.
Бәсекелестік дамыған көптеген елде монополияға қарсы орган тергеу жүргізу кезінде үлкен өкілеттіктерге ие құқық қорғау органы ретінде құрылады және жұмыс істейді (мысалы, «таңдағы рейдтер» және жауап алуды жүргізетін Ұлыбританияның монополияға қарсы органдары (СМА); Еуропалық комиссия жанындағы монополияға қарсы заңнаманың бұзылуын тергеу жөніндегі арнайы топ; Канада (Competition Bureau Canada); Аустралия (Australian Competition and Consumer Commission) және т.б.).
Бұл ретте Қазақстандағы Бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі агенттіктің қызметі ашық әрі тиімді болуы тиіс деп санаймын. Ол үшін агенттік тергеудің басталуы туралы баспасөз хабарламаларын жариялауы, өзінің интернет-порталында жүргізілген тергеулер жөнінде есептердің нұсқаларын ашық және қолжетімді орналастыруы, сондай-ақ сапалы тергеу жүргізу үшін экономикалық талдау әдістерін белсенді пайдаланып, қоғамдық тыңдауларды үнемі өткізумен бірге бәсекелестік мәселелері бойынша жеке сот (Трибунал) құрылуы қажет деп санаймын.
Сол секілді ел экономикасына мемлекеттің қатысуын азайту үшін «бәсекелестік бейтараптық» қағидатын ілгерілетуі тиіс.
Ерлан КӘРІМОВ,
«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ жетекші сарапшысы