Аймақтар • 14 Қыркүйек, 2020

Жамбыл облысы көпфункционалды реанимобильмен толықты

282 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жуалы ауданындағы орталық аурухананың мамандандырылған жылжымалы көліктер паркі жаңа заманауи көпфункционалды реанимобильмен толықты, деп хабарлайды Egemen.kz

Жамбыл облысы көпфункционалды реанимобильмен толықты

Ауданның тумасы, жеке кәсіпкер, халықаралық Kusto Group компаниясының негізін қалаушылардың бірі, Талғат Тұрымбаев құны 40 миллион теңгені құрайтын жылжымалы реанимобильді сатып алып, медициналық мекемеге сыйға тартты.

Айта кеткен жөн, 2002 жылы құрылған Kusto Group компаниясы әлемдегі 10 елде жұмыс істейді. Оның ішінде, Канада, Қытай, Грузия, Израиль, Қазақстан, Ресей, Сингапур, Түркия, Вьетнам, Украина мемлекеттері бар.

Топ құрамында 30 компания бар десек, онда 8000 қызметкер еңбек етеді.

Компанияның басты бағыттарының бірі – қайырымдылық жасау. Kusto Group компаниясының қайырымдылық қоры бірінші кезекте халықтың ең осал топтарына және медицина қызметкерлеріне көмек көрсетіп келеді. Бұған дейін, жуалылық атымтай жомарт пандемия кезінде ауданға қолұшын созған. Ол орталық ауруханаға қажетті дәрі-дәрмектер, медицина қызметкерлеріне арналған қорғаныш құралдарын және 30 оттегі баллонның жеткізіп берген. Сондай-ақ кәсіпкер ауруханадағы инфекциялық бөлімге  оттегі жеткізу жүйесін  орнатуға ықпал етті. Демеуші көмегінің жалпы соммасы 102 млн теңгені құрайды.

1

Реанимобильді табыстау рәсімі аудандық орталық ауруханада өтті. Салтанатты шараға медициналық қызметкерлер және ауданның тұрғындары қатысты. Жуалы ауданының әкімі Нарбай Ергебеков шараға қатысушыларды қуанышты сәтпен құттықтады. Ол уақытпен санаспай, өз денсаулықтарын қатерге тігіп,  адамдарды қауіпті індеттен арашалауға барын салған дәрігерлер мен медициналық қызметкерлерге алғысын білдірді. Сондай-ақ Талғат Тұрымбаев та жерлестеріне назар аударып, жуалылық медицина қызметкерлеріне деген ризашылығын жеткізді.

Болашақта компания ОАА-ға тағы бір мобильді цифрлық диагностикалық жабдықты орнатпақ ниетте, сонымен қатар облыстағы аз қамтылған отбасыларға арналған екі тұрғын үйді пайдалануға бермек.