Осы дерекке орай облыстық полиция департаменті арнайы жедел-тергеу тобын құрды.
Жоғалған шаруагерді іздеу үшін полиция және төтенше жағдайлар департаменттерінің қызметкерлері, сондай-ақ, еріктілер бірнеше күн бойы далалық аумақты аралады. Алайда, шаруагердің мотоциклі мен қамшысы иесіз қыстақтан табылғанмен, оның өлі-тірісі бүгінге дейін анықталмап еді.
"Бүгін, 14 қыркүйекте полиция қызметкерлері іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жоғалған азаматтың өлі денесін Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласынан 100 шақырым жердегі Қырықмылтық кен алаңы маңында 15-20 метр тереңдіктегі шұңқырдан тапты. Осы дерекке қатысты сараптама тағайындалды. Аталған қылмысқа күдікті Жылыой ауданының 38 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдікті бұрын сотталған. Қазір ҚР Қылмыстық Кодекснің 99-бабымен (Адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу кезінде қылмыстың орын алу себебі анықталатын болады", деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.