Аймақтар • 14 Қыркүйек, 2020

Маңғыстауда туған күнін атап өткен басқарма басшысы жазаға тартылды

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Марина Әлбекова карантиндік шектеу шараларын сақтамай, тиісті талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Маңғыстауда туған күнін атап өткен басқарма басшысы жазаға тартылды

Маңғыстау облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті хабарлағандай,  үй ауласында жаппай іс-шара өткізу фактісі анықталған. Лауазымды тұлға түсініктеме беру үшін департаментке шақырылып, әкімшілік құқық бұзу кодексінің 425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен бірге Марина Әлбекованың туған күндегі видеосы әлеуметтік желілерде тарап кеткен. ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 425-бабы 1-бөлігінің санкциясына сәйкес талапты бұзған лауазымды тұлғаларға 230 АЕК немесе 638 940 теңге көлемінде айыппұл салынуы тиіс. Маңғыстау облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті облыс әкімдігі мен мемлекеттік қызмет істері департаментіне тиісті хат жолданды.

Соңғы жаңалықтар

Өнертабысқа өріс кең

Аймақтар • Кеше

Аңдатпа

Аңдатпа • Кеше

Ең құнды жәдігер

Жәдігер • Кеше

Алғашқы өлең

Әдебиет • 08 Қараша, 2024

Жас ақындар жинағы

Аймақтар • 08 Қараша, 2024

Қыс мінезін көрсетті

Аймақтар • 08 Қараша, 2024

«Көрім» көз (Монолог)

Сатира • 08 Қараша, 2024

Тойдан тамаша тәбәрік

Қоғам • 08 Қараша, 2024

30 қауіпті Telegram-арна бұғатталды

Қоғам • 08 Қараша, 2024