Елорда • 14 Қыркүйек, 2020

Елордада 460-тан аса карантин талабын бұзушы анықталды

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада карантин режімін сақтау бойынша рейдтер жалғасуда, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Елордада 460-тан аса карантин талабын бұзушы анықталды

Мобильді топ 12 және 13 қыркүйекте Алматы ауданында 20 ШОБ субъектісін тексеріп, 4 карантин талаптарын бұзған нысан анықтады;

Байқоңыр ауданында 18 ШОБ субъектісі тексеріліп, 9 бұзушылық анықталды;

Есіл ауданында 16 ШОБ субъектісі тексеріліп, 7 бұзушылық анықталды;

Сарыарқа ауданында 16 нысан тексеріліп, 4 бұзушылық анықталды.

14 қыркүйектегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті басқармаларына аудандық полиция басқармаларынан карантинді бұзуға жол берген адамдарға қатысты 1080 материал келіп түсті. ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша (халықтың санитарлық-эпидемиялық салауаттылығы бойынша талап бұзушылықтар) 469 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.