02 Қараша, 2013

Ажары ашық, адымы зор Алматы

313 рет
көрсетілді
28 мин
оқу үшін

Алматы – еліміздегі ең алып мегаполис. Алатаудың баурайында орналасқан әсем қаланың ел тәуелсіздігінің «алтын бесігі» ретінде орны да, қадірі де бөлек. Сонымен қатар, бұл мекен мәдениет пен өнердің, қаржы мен экономикалық серпілістің де түп қазығы іспетті. Мың жасаған алып шаһардың тыныс-тіршілігі мен дамуына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та ерекше ілтипатпен назар аударып отыр.

Қала күн санап өркендеп, аумағы кеңу үстінде. Халықаралық ірі басқосулар мен спорттық шараларға келген қонақтар Алматының сұлулығына, халқының қонақжай һәм мейірбандығына таңданыстарын жасырмайды. Ел дамуына ерекше үлес қосып отырған Алматыда атқарылған іс те көп, атқарар шаруа да шаш етектен.

Ахметжан ЕСІМОВ,

Алматы қаласының әкімі.

Қазақстан халқының 10 пайызына жуығы немесе 1 миллион 489 мың адам осы Алматы қаласында тұрады. Республикалық ішкі жалпы өнімнің 18 пайызын құрап, мемлекеттік қазынаға түсетін барлық табыстың 25 пайызын өндіріп отырған бұл шаһардың бюджеті 354 миллиард теңге. Мұндай көлем Моңғолия, Тәжікстан, Қырғызстан және Армения мемлекеттерінің бюджеттеріне сай келеді екен.

Алматының жалпы аймақтық өнім көлемі жан басына шаққанда 25 мың АҚШ долларын құрап, Чехия, Польша және кейбір Еуропа мемлекеттерінің орташа статистикалық көрсеткіштерінен анағұрлым жоғары тұр. Қала қазынасының 60 пайызын кіші және орта бизнес қамтамасыз етеді. Бұл дегеніңіз, әрбір еңбекке жарамды үшінші алматылық жұмыс істейді деген сөз. 2013 жылдың қорытындысы бойынша 1,3 триллион теңге салық жиналады деп болжау жасалуда. Жылдың басынан бері қалада 16 мың жаңа жұмыс орны ашылған.

Алматы – еліміздегі ең алып мегаполис. Алатаудың баурайында орналасқан әсем қаланың ел тәуелсіздігінің «алтын бесігі» ретінде орны да, қадірі де бөлек. Сонымен қатар, бұл мекен мәдениет пен өнердің, қаржы мен экономикалық серпілістің де түп қазығы іспетті. Мың жасаған алып шаһардың тыныс-тіршілігі мен дамуына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та ерекше ілтипатпен назар аударып отыр.

Қала күн санап өркендеп, аумағы кеңу үстінде. Халықаралық ірі басқосулар мен спорттық шараларға келген қонақтар Алматының сұлулығына, халқының қонақжай һәм мейірбандығына таңданыстарын жасырмайды. Ел дамуына ерекше үлес қосып отырған Алматыда атқарылған іс те көп, атқарар шаруа да шаш етектен.

 

Ахметжан ЕСІМОВ,

Алматы қаласының әкімі.

Қазақстан халқының 10 пайызына жуығы немесе 1 миллион 489 мың адам осы Алматы қаласында тұрады. Республикалық ішкі жалпы өнімнің 18 пайызын құрап, мемлекеттік қазынаға түсетін барлық табыстың 25 пайызын өндіріп отырған бұл шаһардың бюджеті 354 миллиард теңге. Мұндай көлем Моңғолия, Тәжікстан, Қырғызстан және Армения мемлекеттерінің бюджеттеріне сай келеді екен.Алматының жалпы аймақтық өнім көлемі жан басына шаққанда 25 мың АҚШ долларын құрап, Чехия, Польша және кейбір Еуропа мемлекеттерінің орташа статистикалық көрсеткіштерінен анағұрлым жоғары тұр. Қала қазынасының 60 пайызын кіші және орта бизнес қамтамасыз етеді. Бұл дегеніңіз, әрбір еңбекке жарамды үшінші алматылық жұмыс істейді деген сөз. 2013 жылдың қорытындысы бойынша 1,3 триллион теңге салық жиналады деп болжау жасалуда. Жылдың басынан бері қалада 16 мың жаңа жұмыс орны ашылған.

2013 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында қаладағы өнеркәсіп орындары 457,9 миллиард теңгенің өнеркәсіптік өнімдерін шығарды.

2013 жылдың 8 айында кіші және орта бизнес өкілдері 1448,8 миллиард теңгенің өнімін өндіріп, салық төлемінің түсімі 399 миллиард 969 миллион теңгені құрады. Алматы қаласының «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының 1 және 3-бағыттарын іске асыру мақсатында 188 жоба қаржыландырылып, оған 55 миллиард 651 миллион теңге бөлінді.

Алматы қаласын индустрияландыру картасына 5 мыңнан астам жұмыс орны бар 30 жоба кіреді. 2010 жылдан бүгінгі күнге дейін 3 мың жұмыс орны бар 19 жоба іске асырылды. Бір ғана 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында 15,5 миллиард теңгенің 2 жобасы пайдалануға берілді. 2013 жылдың екінші жартыжылдығында Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қарауына жалпы сомасы 67757,55 миллион теңгенің 3 индустриялық-инновациялық жобасы жіберілді. Бүгінгі күнге дейін шамамен 20 мың жұмыс орнын ашатын 169 әлеуетті инвесторлар тізімі жасақталған.

Индустриялық аймақта кәсіпорындарды орналастыру кезінде негізгі артықшылық эколо­­­гиялық таза өндірістерге берілетіні анық. Бүгінгі күнде қаланың 180 өндірістік кәсіп­­­орындары осы жобаға қатысуға дайын. Ағым­дағы жылда инженерлік инфрақұрылым құры­лысына 4 миллиард теңге бөлінген. 2014 жылға тағы 4 миллиард теңге бөлу жоспарлануда.

Алматы – туризм кластерін жандандыруға да ыңғайлы мекен. Туризм саласы жасыл экономиканың бір бөлігі болып табыла­тын­дықтан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алма­тының айналасында әлемдік деңгейдегі тау шаңғысы курортын құруға тапсырма берген еді.

Табиғаты тамсантқан Іле Алатауының бөктер­лерінде тау шаңғысы туризмін дамыту – заң­дылық. Жоспарланып отырған «Көкжайлау» тау шаңғысы курорты тиімділігі жағынан 30 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Мысалы, «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортын күрделі жөндеуден өткізгеннен кейін келушілер саны едәуір артып отыр. 2010-2011 жылдары жаяу туристердің саны 196 400 болса, 2012-2013 жылдары 313 300-ге артты. Шаңғы­шы­лардың саны 2010-2011 жылдары 43 300 болса, 2012-2013 жылдары олардың саны 975 000-ға артты.

«Көкжайлаудың» флорасы мен фаунасының жойылып кетпеуі ескеріліп, экологиялық шектеу картасы жасалынды, су қоймалары мен басқа да мақсатты мәселелер қарастырылуда.

Алматыда 8-9 қазанда І еуразиялық «Қысқы жаңа туризм бағыттарын дамыту» атты шаңғы тебу туризмі бойынша конференция өткен еді, сол жиында халықаралық сарапшылар Алматы аймағында шаңғы тебу туризмін дамыту мүмкіндігінің зор екенін атап көрсетті. Осы ретте Ақбұлақ, Табаған, Шымбұлақ, Көкжайлау және Ақсай шатқалдарындағы демалыс орындарының басын біріктіретін жүйе керек екендігі айқындалды.

Қаланың көлік қатынасын реттестіру барысында жол инфрақұрылымы жолға жақсы қойылып келеді. Алматы қаласындағы 26 айналма жолдың 20-сы соңғы бес жылда салынып, осы уақыт аралығында 140 шақырым жаңа жол пайдалануға берілді, 1000 шақырымнан астам қала жолдары жөндеуден өткізілді.

Бұдан басқа, Алматы қаласы метрополите­нінің екінші тармағы салынуда, Б.Момышұлы көшесі мен Ақын Сара көшесінен Алматы-Шамалған автожолына, Ақын Сара көшесінен ЖЭЦ-2 автожолынан Солтүстік айналма жолы мен Т.Рысқұлов даңғылы Ж.Саин көшесі арқылы ЖЭЦ-2 автожолына дейін бұрғылау жұмыстары жалғастырылуда.

Төле би көшесі мен Ғ.Қайырбеков көшесінен Шығыс айналма автожолына дейін ұзындығы 21 шақырымға жететін көлік жолайрығын салу жұмыстары басталды. Сондай-ақ, келесі жылға 4 көлік жолайрығын салумен бірге, Фурманов көшесінен І.Жансүгіров көшесіне дейін темір жолы арқылы эстакада жолының жұмыстары жоспарланып отыр.

Қаланы электр қуатымен қамтамасыз ету мәселесі осы күнге дейін шешуі күрделі мәселелер қатарында болып келген еді. Алматының электрлік әлеуетін көтеру мақсатында соңғы 5 жылда 29 қосалқы станса қайта жабдықталып іске қосылды. Кернеуі төмен болып келген жалпы қуаттылық күші 3000 МВА-ға дейін арттырылды. Қайта жабдықталған және жаңадан ашылған қосалқы стансаларға отандық және әлемдік өндірушілердің қондырғылары орнатылды. 2008-2013 жылдар аралығында 97 шақырымды құрайтын жылу желілері қалпына келтіріліп, 270 шақырымға созылған электр желілері жөнделді. Мұнан өзге, қазіргі таңда қаланың тұрғын үй бөліктерін толықтай газбен қамтамасыз ету бағдарламасы іске асырылуда. Соңғы 5 жылда қалада 353 шақырым газ желілері салынған екен. Бұдан басқа, осы мерзім ішінде 87 шақырым су құбыры желілері мен 49 шақырым кәріз жүйесі желілері жаңғыртылды.

Алматының экологиялық жағдайын жақсарту үшін кешенді шаралар қабылданған. Шаһардың басты экологиялық проблемасы – атмосфералық ауаның ластануы болып табылады. Ал ауа ластануының 80 пайызы автокөліктердің үлесінде. Автокөліктердің ауаны ластау мөлшерлерін бақылауды күшейту мақсатында қаланың басты кіреберістерінде арнайы экологиялық бекеттер орнатылып, үстіміздегі жылдың 9 айында осы бекеттік бақылау нәтижесінде 31 880 заң бұзушылықтар анықталды. Экологиялық және басқа да әкімшілік айыппұлдар көлемінің жалпы сомасы 125 миллион 848 мың 884 теңгені құрайды.

Қала экологиясын жақсарту мақсатында 2007-2013 жылдары жалпы ұзындығы 85,802 шақырымды құрайтын 17 өзеннің жекелеген тұстары жөндеуден өтті. Ауқымы 2,5 миллион шаршы метр су қорғайтын аймақтар жөнделді.

2008-2013 жылдар аралығында жалпы аумағы 50 гектарды құрайтын 18 парктер мен саябақтар қалпына келтірілді.

Қаланың жасыл қорын жақсарту тұжы­рымда­­­масын жүзеге асыру тиянақты жүргізі­луде. Сонымен қатар, соңғы 3 жылда 29 мыңға жуық кәрі және шіріген ағаштар оталып, 2008-2013 жылдар аралығында 120 мыңнан астам ағаштар отырғызылды. Жалпы, қала аумағында 190 мың шаршы метрден асатын гүлзарлар бар. Сонымен қатар, жыл сайын бюджет есебінен 75 мың шаршы метр аумаққа гүлдер отырғызылып, 16 мыңнан астам гүл құрылғылары орнатылады. 2008 жылдан бас­тап 46 су бұрқақтың 28-і заман талабына сай жаңа құрылғылармен жабдықталды. Олардың барлығы күрделі жөндеуден өтіп айналасы абаттандырылды.

Енді, білім мәселесіне келетін болсақ, Ал­ма­ты қаласының түлектері ҰБТ қорытын­дысы бойынша республикада екі жыл қатарынан бірінші орынды иеленіп келеді. 2008 жылы ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл 71,4 (рес­публика бойынша – 68) болса, 2013 жылы бұл көрсеткіш 87,3-ке (республика бойынша – 74,5) өсті. Осы аралықта алматылық оқушылардың білім деңгейі 15,9 балға көтерілді. 2008-2013 жылдары «Алтын белгімен» қала мектептерінің 741 түлегі марапатталды.

2009 жылы алғаш рет дарынды және талантты оқушыларға, халықаралық және республикалық олимпиадалардың, түрлі ғылым және өнер сайыстарының жеңімпаздарына қала әкімінің «Үркер – Алматының мақтанышы» атты арнайы төсбелгісі тағайындалды.

2009 жылы бұл төсбелгімен қала мектепте­­­рінің 78 оқушысы марапатталса, 2013 жылы бұл көр­сеткіш 5 есеге (яғни, 322 жеңімпазға) өсті. Бес жыл ішінде бұл белгімен 929 адам марапатталып отыр. Сондай-ақ, Алматы қаласы еліміздегі жо­ғары оқу орындарының да орталығы екені бел­гілі. Қазіргі таңда қалада 160 мыңнан аса сту­денттер білім алатын 42 жоғары оқу орны бар.

Жастардың білім мәселесі сөз болғанда, міндетті түрде спорт пен саламатты өмір салты да айтылатыны анық. Азиаданың табысты өткендігі және бірегей спорт нысандарының салынуы Алматыда дүниежүзілік айтулы дәре­­же­дегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік берді. Соңғы екі жылда қалада допты хоккейден әлемдік чемпионат, регбиден Азия аймағының «5 ұлттық кубогы» халықаралық турнирі, су добынан Әлемдік лиганың FINA-2012 суперфиналы, трамплиннен шаңғымен секірудің Әлемдік кубогының жүлделік кезеңдері, қоян-қолтық ұрыстан Дүниежүзілік чемпионат тәрізді ауқымды іс-шаралар өтті. Сондай-ақ, Елбасының өзі арнайы келіп тамашалаған АІВА бокс чемпионатын да ерекше атап айтуға болады.

2017 жылы Алматыда қысқы Универсиада өтеді. Осы оқиғаның қарсаңында қалада мұз сарайы мен мұз алаңы, спортшыларға арналған ауыл тәрізді тағы бірнеше нысандар салынбақшы.

Дерек пен дәйек:

Алматы экономикасы

Өнеркәсіп

2013 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында қаладағы өнеркәсіп орындары 457,9 млрд. теңгенің өнеркәсіптік өнімдерін шығарды. 2012 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда өнеркәсіп өндіру көлемінің индексі биыл 104,45%-ды құрады.

Шағын және орта бизнес

Шағын және орта бизнестің белсенді субъектілер саны 2013 жылғы 1 қыркүйекте 103455 мыңды құрады, жұмыспен қамтылғандар саны - 374 750.

Үдемелі индустриялық-инновациялық

даму бағдарламасын іске асыру

Алматы қаласын индустрияландыру картасына 5 мыңнан астам жұмыс орны бар 30 жоба кірді.

2010 жылдан бүгінгі күнге дейін 3 мың жұмыс орны бар 19 жоба іске асырылды.

2013 жылдың бірінші жартыжылдығында 15,5 млрд. теңгеге 2 жоба пайдалануға берілді.

«Инновациялық технологиялар паркі» АЭА

Аталған жоба өнеркәсіптік, білім беру орталықтары және басқа да мекемелердің әртүрлі салаларында инновациялық өсу деңгейінің негізі болып табылады. 2013-2015 жылдары 165 гектар аумағына екінші кезеңі салынатын болады.

Бүгінгі күні онда 150 инновациялық компания жұмыс істеуде және соңғы 2 жылда олардың саны 4 есеге өсті. ИТП АЭА ғылыми-танымдық, жоба­­­­лау-конструкторлық және өндірістік кластерді бірік­тіретін ірі инновациялық орталық болып табылады.

Қазақстан Республикасының салық кодексіне АЭА«ИТП» аумағында жеңілдік тек АЭА «ИТП» мүшелеріне ғана беріледі.

Өсу нүктелері

Алатау ауданындағы өндірістік аймақ

Бүгінгі күнге шамамен 20 мың жұмыс орнын ашатын 169 әлеуетті инвесторлар тізімі жасалды.

Бұл жоба өндірістің қарқынды дамуына мүмкіндік береді. Мамандандырылған өндіріс аймағын құру: қала орталығында орналасқан өндірістерді сыртқа көшіру; Алматы қаласы өнді­рісінің жалпы көлемін 1,5 есеге арттыру; инвес­тициялық ресурстар тарту және озық инно­вациялық технологиялар трансфертін көбейту; өнеркәсіптік секторда білікті мамандарды даярлау және оларды қолдану жүйесін қалыптастыру секілді бірқатар мәселелердің шешілуіне мүмкіндік береді.

Аймақтың жалпы ауданы 490 га. Бүгінгі күнде қаланың 180 өндірістік кәсіпорындары осы жобаға қатысуға дайын. Ағымдағы жылда инженерлік инфрақұрылым құрылысына 4 млрд. теңге бөлінген. 2014 жылға тағы 4 млрд. теңге бөлу жоспарлануда.

Ішкі және сыртқы туризмнің келешегі кемел

Алматы қаласының Туризм басқармасы өз аумағында мемлекеттің туризм саясатын тиянақты жүргізуге барынша өз үлесін қосуда. Біздің басқарманың негізгі міндеті ретінде Алматы қаласына сырттан келетін және ішкі туристер көлемін арттыру жөнінде кешенді шаралар қарастырып жатырмыз. Ол үшін түрлі семинарлар мен басқосулар, дөңгелек үстел отырысы мен БАҚ қызметі ар­қылы көптеген жұмыстар атқарылып жатыр.

Айта кетерлік жайт, Алматы қаласының туризм басқармасы бұл күнде Бүкіләлемдік туристік ұйымға (ЮНВТО) және Бүкіләлемдік туристік қалалардың «WTSF» федерациясына мүше болып тіркелген. Осы ретте Алматы өзге елдердегі туристік жобаларға қатысумен қатар, өз қаламызда да халықаралық ірі іс-шаралар өткізу құқығына ие болып отыр.

Мұның сыртында мәдени-танымдық, экологиялық және іскерлік туризмі құлашын кең жайып келеді. Оған біздің қаламызда өткізіліп жүрген саяси, экономикалық және ғылыми тақырыптар аясында ұйым­­­дастырылған түрлі қоғамдық іс-шараларды кіргізуге болады.

Қаланың туристік келбетін қалыптастыру мақсатында шетелдік қонақтарды тіркеу жүйесі мейлінше дамытылды. Қазіргі таңда шетелдіктерді тіркеудің электрондық жүйесі қалада орналасқан ірі қонақүйлерге толық ақ­­парат жеткізу ісін жүйелі жүргізіп отыр. Яғни, бұл қонақүйлер өзіне тоқтаған қонақтар ту­­­­­ралы барлық мәліметпен қамтамасыз етілген.

Алматыда жыл сайын өткізілетін Ха­лықаралық «KITF» туристік көрмесі туралы да айтып өткім келеді. Биыл бұл көрмеге 42 елдің 550 туристік компаниясы қатысты. Сондай-ақ, Алматы туризмнің өкілдері жыл сайын өткізілетін республикалық «Астана-демалыс» көрмесіне және «Сарқылмас саяхат» көшпелі жәрмеңкесіне тұрақты қатысып тұрады. Аталған шаралардың мақсаты өзі­­­­міз­дің ішкі туризмді дамыту екендігі белгілі.

ЛолитаКИМ,

Алматы қалалық туризм басқармасы туризмді дамыту бөлім ібасшысының міндетін атқарушы.

Ғимараттар мен жолайрықтары әсем көрінуі тиіс

Біздің компания Алматы қаласында ғана емес, еліміздің көптеген ірі қалаларындағы алып құрылыстар мен белгілі ғимараттарының сыртқы келбетін шынымен жабдықтады. Ескеретін жайт, біздің өндіріп отырған шыныларымыз жылу мен жарықты үнемдеуге көмек­теседі және беріктігі мен сапасы жөнінен де үлкен сұранысқа ие.

«ҚазҚұрылысШыны» ЖШС-і 2003 жылы Алматы қаласында іске кіріскен, ал 2004 жылдың тамызында өндірістік әйнек шығаруды қолға алды. «ҚазҚұрылысШыны» ЖШС-і 2003 жылы құрылып, өзінің алғашқы әйнек өндіріс ісін 2004 жылдың тамыз айынан бастады.

«ҚазҚұрылысШыны» ЖШС-і өзінің Қазақстан нарығында жұмысын бастағалы бері еліміздің ірі қалаларында көптеген ғимараттар мен тұрғын үйлерді сапалы әйнекпен жабдықтап үлгерді. Мәселен, Алматы қаласында – «Нұр-Мүбәрак» рухани орталығы, Орталық мұражай, Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы, «Шымбұлақ» тау-шаңғы шипажайы, Халықаралық шаңғы-трамплин кешенінің ғимараты, «Мега» сауда және ойын-сауық кешені, «Жас­тар», «Столичный», «Гауһартас», «Алматы Тауэрс» тұрғын үй кешені, «Альянс Банк», Еуразия даму банкі, Астана, Шымкент, Қараған­­­­ды секілді ірі қалалардың айтулы бизнес орталықтары мен сауда ке­шендері және еліміздің барлық облыс орталықтарындағы көрнекі ғимараттарды әдіптеп шықты. Енді ірі қалалардағы жолайрықтар мен тарихи орындардың табиғи әсерден бұзылмас үшін ұзақ әрі талғамға сай сәулетін сақтау үшін әйнекпен қаптау ісін ұсынып отыр.

МұратханТОҚМАДИ,

«ҚазҚұрылысШыны» компаниясының басшысы.

Қала билігі үшін атқаратын шаруа көп

Қазірбіздіңқаламызкүнсанапқұлпырыпкеледі. Әсіресе, жаз айларында қалада аралай­тын, қыдыратын жерлер ерекше реңге бө­­­­­ле­ніп, жақсы демалуға мүмкіндік молая түседі.

Кейінгі жылдары пайдалануға берілген жолайрықтары мен метро құрлысы да қазір баратын жерге уақтылы жетуге себі тиіп тұр. От­басы мүшелерімен қала сыртына шы­ғып, та­биғат аясында сейілдеуге де, қала ішіндегі сая­бақ­тарда көңіл көтеруге де жағдай жасал­ған.

Тағы бір айта кететін мәселе, қазір қала көшелеріне орнатылған бейнекамералар мен құқық қорғау қызметінің жаңаша жұмыс істеу мәнері тұрғындар мен қалаға қыдырып келуші қонақтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін біршама жақсартты. Көліктердің бей-берекет жүрісі, терезелерден қоқыс тастау, аяққа оралатын қайыр­шылар мен қараңғы қалтарыста тонап кететін алаяқтар секілді бейбастақтықтар күн санап азайып келе жатқаны байқалады.

Әрине, әлі де болса қала басшылығының атқаратын істері баршылық. Мәселен, қыс маусымында жолдарды тазалау мен көк тайғақ боп жататын жаяу жүргінші жолдарын, қардың салмағын көтере алмай құлап жататын талдар, сондай-ақ, қыста жарылатын құбырлар мен жылу мәселесін әлі де болса толық шешу керек. Әсіресе, қаланың түкпіргі аудандарында мұндай жағдайлар күні бүгінге дейін шешімін толық таппай тұр.

Тағы бір ескерер жайт, қазіргі таңда Алматы қаласының аумағы күннен-күнге ке­ңе­йіп келеді. Көп жағдайда қала тұрғындары өзде­рі тұратын аудан туралы ақпаратқа қанық емес. Қай аудан, қай көше қайта жасақтау шарасына тап болатынын, жекелеген үйлердің орнына қай кезде көпқабатты үйлер салынатынын біле бермейді. Сол сияқты, газ, су, кәріз құбыры түсетін шек те белгілі емес. Сондай мәселелер ертерек ескертілсе ел ішінде дау туындамас еді, түсінбеушіліктер орын алмай, тыныш ел бәзбіреулерге алданбас еді деп ойлаймын.

Мәжит ҚОНЫСҰЛЫ,

қала тұрғыны.

 

Алып шаһар алға баса береді

Президент жанындағы Орта­лық коммуникациялар қызметінде дәс­түрлі брифинг жалғасуда. Бас­қосудың бұл жолғы қонағы болып Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов келді. Шараны ресми өкіл Ал­тай Әбибуллаев кіріспе сөзбен ашты.

Брифингте Алматы қаласының әкімі А.Есімов қала дамуы мен болашақта атқарылатын игі жұмыс­тары жайында жұртшылыққа баяндады. Мұнда алып шаһар абыройы мен оның халқы үшін түрлі салаларда жасалып жатқан жұмыстар легі де назардан тыс қалмады.

Ағымдағы жылдың қаңтар-қыр­күйек айларында қаладағы өнер­кәсіп орындары 457,9 миллиард теңгенің өнеркәсіптік өнімдерін шы­ғарған. Шағын және орта биз­нес­тің белсенді субъектілер саны биыл­ғы жылғы қыркүйекте жүз мың­­нан асып жығылса, жұмыспен қам­­­­тылғандар саны 374 750 болып отыр.

Үдемелі индустриялық-иннова­циялық даму бағдарламасын іске асыруда да біршама жұмыстар жүргізілген. Алматы қаласын индустрияландыру картасына 5 мыңнан астам жұмыс орны бар 30 жоба кірген. 2010 жылдан осы кезге дейін 3 мың жұмыс орны бар 19 жоба іске асырылса, 2013 жылдың бірінші жарты жылдығында 15,5 миллиард теңгеге 2 жоба пайдалануға берілген.

Алатау ауданындағы өндірістік аймақтың да қаланың дамуына берер серпіні мол. Бүгінгі таңда шамамен 20 мың жұмыс орнын ашатын 169 әлеуетті инвесторлар тізімі жасалыпты. Бұл жоба өндірістің қарқынды дамуына мүмкіндік бермек. Мамандандырылған өндіріс аймағын құру бірқатар мәселелердің шешілуіне ықпал етпек. Атап айтқанда, қала орталығында орна­­­ласқан өндірістерді сыртқа кө­шіру, Алматы өндірісінің жалпы көлемін 1,5 есеге арттыру, инвес­тициялық ресурстар тарту мен озық инновациялық технологиялар трансфертін көбейту, сондай-ақ, өнеркәсіптік секторда мамандарды даярлау мен оларды қолдану жүйесін қалыптастыру сынды игі жұмыстар бар.

Алматының экологиялық жағ­да­йын жақсарту үшін кешен­ді шаралар қабылданған. Қала­ның басты экологиялық проб­лемасы-атмосфералық ауа­ның ластануы десек, оның 80 пайы­зы автокөліктер үлесінде екен. Автокөліктердің ауаны лас­тау мөлшерлерін бақылауды кү­шейту мақсатында қаланың басты кіреберістерінде арнайы эколо­гиялық бекеттер орнатылған. Эко­логияны жақсарту үшін қабыл­­дан­ған кешенді шаралардың нәти­жесінде ауаның ластану деңгейі біртіндеп төмендеуде.

Жалпы, Алматы дегенде оны дүниежүзілік спорт орта­­­лық­тары­ның бірі ретінде қабыл­­дай­ды дүйім жұрт. VII Қысқы Азия ойын­­дарының табыс­ты өткендігі мен бірегей спорт нысандарының салынғандығы шаһарда әлемдік айтулы дәрежедегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік берді. Басқасын былай қойғанда соңғы екі айдың ішінде мұнда ең жоғары деңгейдегі волейболдан әлемдік FIVB бас жүлделік кезеңі, трамплиннен секі­руден әлем кубогы кезеңі және бокс­тан әлем чемпионаты сынды бай­рақты бәсекелер өтуінің өзі неге тұрады. Осындай іргелі жарыстар қала­дағы спорттың дамуына оң әсерін тигізіп, еліміз бен спортшы­лары­мызды әлемге Алматы арқылы танытпақ.

Алдағы уақытта болатын айтулы спорттық ірі шараның бірі 2017 жылы Алматыда қысқы Универсиаданың өтуі. Осы әлемдік шара қарсаңында қалада мұз сарайы мен мұз алаңы, сонымен қатар, спортшыларға арналған ауыл тәрізді тағы бірнеше нысандар салынбақшы. Аталған спорттық оқиғаны өз деңгейінде өткізу үшін қалада барлық қажетті қор мен тәжірибе де жеткілікті.

Жуырда 2022 жылғы Қысқы Олимпиаданы Алматыда өткізу туралы сұраныс жолданған. Осы орайда Азия Олимпиадалық кеңесінің (АОК) президенті шейх Ахмад әл-Фахад әл-Сабах пен Халықаралық Олимпиада комитетінің төрағасы Жак Роггенің Азиаданың өткізіл­геніне жоғары баға бергенін атап өткен жөн. Сол кезде олар Алма­тының Олимпия ойындарын өткі­зуге барлық мүмкіндігінің бар екенін айтқан-ды.

Алматының Олимпиаданы өткізуге деген салмақты басым­дық­тары бар. Біріншіден Олимпия ойындары Орталық Азия аумағында әлі бір рет те өткізілмесе, екіншіден қалада Олимпия ойындарын өткізуге қажетті спорттық нысандар түгелдей дерлік бар деуге болады.

ӘбдірахманҚЫДЫРБЕК,

«ЕгеменҚазақстан».

 

Айқарма бетті дайындағандар: Қорғанбек АМАНЖОЛ, Қанат ЕСКЕНДІР, «Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар