Осы мәселе бойынша журналистерге түсінік берген облыстық ветеринария басқармасының басшысы Берік Әлжанов құстардың қырылуының нақты себебін айта алмайтынын, бәрі тек 3-4 күннен кейін белгілі болатын зертханалық сараптан кейін ғана анықталатынын жеткізді.
"Осы тектесқырылу екі жыл бұрын Айыртау ауданында да болған. Құстардың мойындары салбырап, көгеріп, қылжия кетулері пастереллез, сальмонеллез немесе құс тұмауы сияқты аурулардың белгісін көрсететеді. Бізге Нұр Сұлтан қаласындағы ветеринария орталығынан маман келгелі жатыр. Оған дейін алғашқы сараптар да дайын болатын шығар. Сол кезде құстың қырылу себептері неден болғанын айтатын боламыз", деді ол.
Қазір өлген құстар өрттеліп, жойылған көрінеді. Ал ауру шыққан елдімекендерге карантин жариялау туралы айтуға әлі ерте. Жоғарыда аталған ауылдар әртүрлі аудандарға бағынысты болғанымен бір өңірде, жақын жатыр.
Сондықтан бұл жердегі құстар қандай да бір инфекциялық ауруға тап болғаны сөзсіз. Маман да осыны айтты. Ауру құстар уақтылы жойылса инфекцияның жайылып кетпесі анық, сондықтан одан даңғаза жасаудың керегі жоқ сияқты.
Солтүстік Қазақстан облысы